Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Кім Қазақстан Республикасының Президенті бола алады және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қандай мерзімде өткізіледі?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2,3,3-1-тармақтарының негізінде Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.