-A A +A

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 34-б. сәйкес мыналар:
1) заңды тұлғаның кеден органына өтініш берген күніне дейін кемінде екі жыл бойы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
2) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді енгізу күніндегі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде екі мың евроға баламалы сомаға осындай қамтамасыз етуді ұсыну;
3) егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы түрін жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың болуы;
4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында, жалға алынған болуы;
5) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
6) кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-407, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.