-A A +A

Кеден органдарының жүйесі неден тұрады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 6-б. 2-т. сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.