Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Кеден өкілінің құқықтары қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 29-б. сәйкес кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие болады. Кеден өкілі өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
өкілдік беретін тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпараты не басқа жабық ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға;
осы Кодекстің 7-тарауында белгіленген тәртіппен кедендік мақсаттар үшін кеден органдары қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын олардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге құқылы.