-A A +A

Әке болуды анықтауды тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары көрсетеді.
Ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген; баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) өзін баланың әкесі деп мойындайтын адамның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәлігі;
4) ана-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) тапсырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні.
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.