-A A +A

Әке болуды анықтау туралы куәлікті қалай алуға болады?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 218-бабына сәйкес әке болуды анықтау туралы куәлікті әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде тіркеуші орган береді. Егер әке болу тірі кезінде анықталмаса, әке болуды анықтау туралы сот шешімінің, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган жүргізеді.