-A A +A

Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру қандай нормативтік құқықтық актімен реттеледі?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.