-A A +A

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің міндеттері мен функциялары қандай?

Жауап: 

"Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысының 1-ші және 2-ші тарауларына сәйкес Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету;
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді;
4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.