-A A +A

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаны таратуға байланысты ресми баспа басылымы қандай? Осы басылым қандай актінің негізінде анықталған?

Жауап: 

ҚР Азаматтық кодексінің 50-б. 3-тармағына сәйкес тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды. Бүгінгі таңда «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін «Заң газеті» және «Юридическая газета» әділет органдарының ресми баспа басылымдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ережеге сәйкес «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС Әділет министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесіне енгізілген.