-A A +A

Қазақстан аумағында шетелдік мемлекеттің сот актісін қалай орындауға болады?

Жауап: 

Сот актісін Қазақстан аумағында тану және шешу рәсімін жүргізу қажет, ол 1993 жылғы 22 қаңтардағы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясында (бұдан әрі - Конвенция) регламенттелген.

Конвенцияның 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының құзыретті сотына бағытталған Қазақстанның аумағында сот шешімін мәжбүрлі орындатуды тану және шешу туралы қолдаухатты ресімдеу қажет. Қолдаухаттың материалдарына мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

1. сот шешімі;

2. шешімнің заңды күшіне енгендігі туралы анықтама;

3. сот талқылауының күні мен орны туралы жауапкерге тиісінше хабарланғандығы туралы анықтама;

4. жөнелту кезінде сот шешімінің орындалғандығы не орындалмағандығы туралы анықтама.