-A A +A

Қайтыс болу туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жауап: 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен қайтыс болу туралы анықтаманы алу тәртібі регламенттелген. Көрсетілетін қызметті алушы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат; 4) қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар; 5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат. Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі.