-A A +A

Қандай жағдайларда адвокаттар тегін заң көмегін көрсетеді?

Жауап: 

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195 заңының 6-бабына сәйкес адвокаттар тегін заң көмегін мыналарға көрсетеді:
1) соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде қуынушыларға;
2) егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасайды.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.