-A A +A

Қандай жағдайда мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтарады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V заңының 7-б. 5-т. сәйкес мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетіле отырып, мынадай:
1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;
2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;
3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.