-A A +A

Қандай тұлғалар куәлік беру міндетінен босатылады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 17-б. сәйкес ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы заңда айқындалатын жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес.
Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда көрсетілген адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және жауапқа тартылмайды.