-A A +A

Қандай кедендік бақылау нысандары бар?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің 199-б. сәйкес мыналар:
1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) ауызша сауалнама;
3) түсіндірмелер алу;
4) кедендік қадағалау;
5) кедендік қарау;
6) кедендік тексеріп қарау;
7) жеке кедендік тексеріп қарау;
8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;
9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;
10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;
11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру;
12) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.