-A A +A

Қандай ауруларға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі, тізбесі қандай?

Жауап: 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысына сәйкес «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
Құтырма
іш сүзегі
көктемгі-жазғы кене энцефалиті
«В» вирусты гепатиті
b типті гемофильдік инфекция
дифтерия
көкжөтел
қызылша
қызамық
полиомиелит
сіреспе
туберкулез
оба
эпидемиялық паротит
дизентерия
сальмонеллез
пневмококк инфекциясы.
Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
«А» вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.