-A A +A

Камералдық бақылау нені білдіреді?

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 585-б. 1-т. сәйкес камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.