-A A +A

Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған туған інілері (қарындастары) мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері қандай?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 151-бабына сәйкес кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері (қарындастары) мен сіңлілерінің өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.