-A A +A

Егер үй сыйға тарту ретінде ресімделіп жатса, құрылыстарда ештеңе өзгермесе, үйдің жоспарын өзгерту қажет пе?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу ережесінің 6-тармағында көрсетілген жағдайларда техникалық паспортты ауыстыру, яғни «кейіннен мемлекеттік техникалық тексеру» жүргізіледі, онда кейінгі тексеру осындай сипаттамалардың өзгерісін кейінгі тексеруді жүргізбей-ақ, техникалық паспортқа енгізілген жағдайларды қоспағанда, ғимараттардың, құрылыстардың және оның құрамдастарының қайта жасалуының, қайта жоспарлануының, қайта жабдықталуының нәтижесінде техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде жүргізіледі. Осылайша, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, жаңа техникалық паспортты әзірлеу міндетті емес.