-A A +A

Егер тауар шарттың талаптарына сәйкес келмесе, сатып алушы ақшаның қайтарылуын талап ете алады ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 421-б. 3-т. сәйкес түр-түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.