-A A +A

Дінтану сараптамасы қандай негіздерде жүргізіледі?

Жауап: 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңының 6-б. сәйкес уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;
2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;
4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;
5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы.
Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді. Дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.