-A A +A

Дінтану сараптамасы қандай мақсатта жүргізіледі?

Жауап: 

«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысына сәйкес дiнтану сараптамасы (бұдан әрi – сараптама) құрылтай құжаттардың, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, діни білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргізіледі. Сараптама жүргізуді діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі қамтамасыз етеді.