-A A +A

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жай қандай болуы керек?

Жауап: 

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына сәйкес діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар - діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі.