-A A +A

Дiни бiрлестiктердiң меншік құқығындағы жылжымайтын мүлігі болуы мүмкін бе?

Жауап: 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңының 20-б. сәйкес дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады.