-A A +A

Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты мемлекеттік органдардың бұйрықтары қайда жарияланады?

Жауап: 

Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары  актілерінің жинағында, сондай-ақ  «Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1118 қаулысымен анықталған тәртіппен, конкурстық негізде, осындай құқықты алған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланады.

Нормативтік құқықтық актілерді жариялаудың ресми дереккөздері:

«Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеттері;

«Юридическая газета» және «Заң» газеттері.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысына сәйкес  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды  жүзеге асыратын интернет-ресурс ретінде айқындалды:http://adilet.zan.kz.