-A A +A

Денсаулық сақтау саласында сараптамалардың неше түрі бар?

Жауап: 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 57-б. сәйкес денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:
1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;
2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;
3) әскери-дәрігерлік сараптама;
4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;
5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;
7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиісті куәлік негізінде жүзеге асырады.