-A A +A

Әдеби туындыны тіркеу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Жауап: 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 3-т. сәйкес әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
• өтініш;
• туындының бір данасы;
• өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.