-A A +A

Цирк өнерінің халықаралық фестивалін өткізу үшін авторлық құқықты қалай алуға болады?

Жауап: 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады. Сабақтас құқық объектілері тіркеуге жатпайтындығына сіздің назарыңызды аударамыз. Осыған орай, біздің тек конкурс сценарийін ғана тіркеуге құқығымыз бар. Сценарийлік туындыны тіркеу үшін Сізге өтініш, туындының данасын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын (Заңның 9-1-бабының 3-тармағы) ұсыну қажет. Заңның 9-1-бабының 13-тармағына сәйкес автор (авторлар) немесе құқық иеленуші тіркеуге ұсынылатын материалдарды нөмірлеуге, тігуге және оларға қол қоюға тиіс. Өтініш нысанын және тіркеу алымын төлеуге арналған деректемелерді біздің интернет-ресурстағы (www.intellkaz.kz) «Туындыларға құқықтарды тіркеу» бөлімінен қарауға болады. Құжаттар пошта арқылы не өз қолымен демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылданады. ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, №13-кіреберіс, каб. № 1019.
Заңның 9-бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайтындығы жөнінде мәлімет ретінде хабарлаймыз. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы.