-A A +A

Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне не кіреді?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 58-б. сәйкес бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.