-A A +A

Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге қандай мерзім ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады?

Жауап: 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының 48-бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.