-A A +A

Бір жылдан асқан пәтерге жалдау шартын мемлекеттік тіркеу қалай жүргізіледі?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының 5-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;
сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;
кепіл;
тыйым салу;
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);
басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысының 1-ші және 2-ші тарауларына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – БНАЖ) өзара іс-қимыл жасау арқылы құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы мәмілені куәландырғаннан (бұдан әрі – электрондық тіркеу) кейін жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орталыққа жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу – көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi).
Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) не оның өкілі (сенімхат бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
орталыққа:
жеке тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігі және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкілеттіктерін білдіруді куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);
4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
5) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды растайтын құжат.
Заңды тұлғалар үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігі және көрсетілетін қызметті алушының өкілеттіктерін білдіруді куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда);
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және өзге де құжаттар;
4) бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат не алым төлеуден босатуды растайтын құжат;
5) құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылар, директорлар кеңесi, акционерлер кеңесi) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер);
7) шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 456-бабына сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін алым мөлшері 0,5 АЕК.