-A A +A

Бір немесе үш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қайта ұйымдастыру жолымен құрылу үшін құжаттардың тізімі?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2198 Заңының 6-3-бабына сәйкес, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда сот шешiмi;
3) заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесi немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған орган бекiткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелерi көрсетiле отырып, бiрiгу, қосылу, қайта құрылу кезiнде – тапсыру актiсi, бөлiну, бөлiнiп шығу кезiнде – бөлiну балансы және заңды тұлға уәкiлеттi органының тапсыру актiсi мен бөлiну балансын бекiту туралы шешiмi;
4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат;
5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны үшiн бюджетке тiркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат берiледi.
Мерзімі - 1 жұмыс күні