-A A +A

Белгіленбеген жерлерде темекi шеккені үшін қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылады?

Жауап: 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 441-б. сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекiшегу жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы
лауазымды адамға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.