-A A +A

Басқа адамға ресімделген мүлікті қалай жекешелендіруге болады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V заңының 7-б.1-т. және 10-б. 1-т. сәйкес мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, салық органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi.
Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды:
1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
3) бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
4) қатысу үлесі бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін не шешімінен үзінді көшірмені ұсынады.