-A A +A

Балабақшаларды аттестаттауды қандай орган жүзеге асырады?

Жауап: 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 5-б. сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (уәкілетті орган) болып табылады. Уәкілетті орган меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi.