-A A +A

Балабақшаға кезекке тұру үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысының «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдама алу үшін уәкілетті органға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің).
3)сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);
4) жеңілдікті растайтын құжат (мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат);
5)тұратын жерін растайтын мекенжай анықтамасын немесе өзге құжатты ұсыну қажет.