-A A +A

Бағдаршамда қандай сигналдар болады?

Жауап: 

«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысының 5-бөлімінің 1,2 - тармағына сәйкес жол жүрісін реттеу үшін көлденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл — төменде; сигналдар көлденеңінен орналасқанда қызыл - сол жақта, жасыл - оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары мақсатына байланысты дөңгелек, бағыттаушы (бағыттаушылар) түрінде, жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде және Х-үлгісінде болуы мүмкін.
Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (бағыттаушылар) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.
Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар:
1) жасыл сигнал жүруге рұқсат етеді;
2) жасыл жыпылықтаған сигнал жүруге рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты өтіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандық табло қолданылады);
3) сары сигнал осы бөлімнің 14-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда жүруге тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;
4) сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелмейтін көше қиылысының немесе жаяу жүргінші өтпесінің бар екенін хабарлайды, қауіптен сақтандырады;
5) қызыл, оның ішінде жыпылықтайтын сигнал, жүруге тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы жүруге тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғаны хабар береді.