-A A +A

Азаматтың тұрғылықты жері және заңды мекенжайы деп не танылады?

Жауап: 

ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 16-б. сәйкес азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады. Азаматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады. Азаматтың тiркелген жерi оның заңды мекенжайы болып танылады. Азаматтарды тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы туралы ақпарат оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.