-A A +A

Азаматтық және қызметтiк қаруға қойылатын қауiпсiздiк талаптары қандай?

Жауап: 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының 7-2-б. сәйкес азаматтық және қызметтiк қару тiкелей оқтау, ату, қайта оқтау, сондай-ақ техникалық күтiм жасау кезiнде қарудың осы түрi (типi) үшiн белгiленген арнайы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс. Жарақат салатын, сәулелi дыбыспен және газбен әсер ететiн тиiстi патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы, ұңғысыз қару, газ пистолеттерi мен револьверлер денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Механикалық, аэрозолды тозаңдатқыштар және көзден жас ағызатын, тiтiркендiргiш заттармен, сондай-ақ басқа да заттармен жарақталған басқа да құрылғылар денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.