-A A +A

Азаматтардың ашық сот отырыстарына кіруіне шектеулер қоюға болады ма?

Жауап: 

«Сотта азаматтық iстердi қарау кезiнде жариялылық принципін сақтау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 5 нормативтік қаулысының 4-т. сәйкес он алты жасқа толмаған азаматтар iске қатысушы адам немесе куәгер болмаса одан басқаларына ашық сот отырысы залына кiруге қандай да бiр себеппен шектеу қоюға болмайды. Тiлек бiлдiрушi барлық азаматтарды ашық сот отырысына қатыстыру туралы мәселе сот отырысы залының көлемi ескерiліп шешiлуi мүмкiн.