-A A +A

Азаматтарды тіркеу қалай жүргізіледі?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
ХҚКО-да көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi;
2) белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау шарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, банк мекемесінің мөрімен куәландырылған жылжымайтын мүліктің кепіл шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сатып алу-сату шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын құжат.
Белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi оның сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
3) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк);
республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда – азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама немесе шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;
4) тұрақты не уақытша тіркелгені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттар ұсынады);
5) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама, ол жоғалған кезде – қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тіркеу орны бойынша ішкі істер органына бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан адамдарды профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар анықтама (оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімін өтеу бойынша, не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар үшін);
-порталға: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық тасымалдағыштағы жеке куәлігіне заңды мекенжайын қайта жазу үшін ХҚКО-ға келу қажеттігі көрсетіле отырып, «жеке кабинетіне» жолданады.
Жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде, Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.