-A A +A

Авариялық жарық сигналы қандай жағдайларда iске қосылуы тиiс?

Жауап: 

«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысының 7-бөлімінің 1- тармағына сәйкес авариялық жарық сигнал беру:
1) жол-көлік оқиғасы кезінде;
2) аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде;
3) артқа жүру кезінде;
4)жүргізушінің көзін фар жарығы шағылыстырған кезде;
5) сүйретуге алу кезінде (сүйретілетін механикалық көлік құралында);
6) жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде аялдау және тұру кезінде немесе көлемдік оттардың дұрыс істемеуінен көріну жеткіліксіз болғанда;
7) елді мекеннен тыс, жол жиегінің ені жолдың жүру бөлігінен толық кіру үшін жеткіліксіз болғанда немесе жол жиегінің енін осы жол жағдайында айқындау мүмкін болмай, онда тоқтаған кезде іске қосылады.
Авариялық жарық сигнал беру басқа жағдайларда да, жол жүрісінің қатысушыларына көлік құралы туғызуы мүмкін қауіптілік туралы ескерту үшін де қосылады.