-A A +A

Атқарушылық іс жүргізуді қандай адамдар жүзеге асырады?

Жауап: 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261 заңының 7-бабына сәйкес осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау сот орындаушыларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелейуәкiлеттiкберiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.