-A A +A

Аталары мен әжелері өздерінің кәмелетке толмаған немерелерін күтіп-бағуға міндетті ме?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 518-ІV Кодексінің 152-бабына сәйкес өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.