-A A +A

Ата-аналарының екеуі де тегін өзгерткен кезде кәмелетке толмаған баланың да тегі өзгереді ме?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 518-ІV Кодексінің 64-бабына сәйкес ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi. Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.