-A A +A

Алкоголизммен ауыратын адам жасырын түрде тексеріліп-қарала алады ма?

Жауап: 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 131-б. сәйкес алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдар наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде жүргізіледі және пациенттің қалауы бойынша - жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін.