-A A +A

Ақшаларды жекешелендіруді жүргізу тәртібі қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V заңының 8-б.1,2-ші және 5,6-шы т. сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке жинақ шотын (бұдан әрі – жинақ шоты) ашады. Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған:
1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс;
2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жария етілетін ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жинақ шотында жатуға тиіс болатын кезде жария етуге жатады.
Бұл ретте шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің, Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу және жүргізу ерекшеліктерін, жинақ шотына ақшаның салынғанын (аударылғанын) растайтын құжатты жария ету субъектілеріне беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаның есепке алынуын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.
Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі.
Жинақ шотына жария етілетін ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.