Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Қазақстан Республикасының «Заң көмегі туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы

1.​ Заң жобасының атауы:
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі -Заң жобасы).
 
2.​ Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі:
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының (бұдан әрі -тұжырымдама) ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Тұжырымдамада құқық қорғау және сот жүйелерін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты мамандандырылған институттарды жетілдіру қажеттілігі көзделген. Осыған орай азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру қажеттілігі баса айтылады. Тұжырымдамаға сәйкес, заң көмегін ұсыну жүйесі және табысы төмен тұлғаларға құқықтық көмек көрсету жүйесі жетілдіруді талап етеді.
Тұжырымдамада азаматтарға заң көмегін көрсету жүйесінің өзегі ретінде адвокатураның жетекші рөлі баса көрсетіледі. Тұжырымдамамен адвокатура қызметін жетілдіру үшін негізгі басымдық ретінде:
-​ біркелкі адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілмеген қалалық және ауылдық жерлердің мәселелерін бірізді шешу;
-​ Тегін заң көмегін көрсететін адвокаттарға ақы төлеу әкімшілік жүйесін түзету. Тұжырымдамада бұл жүйені шоғырландыру және ашық ету көзделген. Бұл бюджет қаражатын тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.
-​ Шетелдік тәжірибені ескере отырып, адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын енгізу.
Білікті заң көмегін ұсынуды қамтамасыз ететін тағы бір институт – нотариат. Адвокатураны жетілдірумен бірге тұжырымдамамен нотариаттың қосымша тұрақтылықты және азаматтық айналым қатынасында заң қауіпсіздігін, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның бөлігі ретінде нормативтік-құқықтық рөлін анықтау белгіленген. Нотариаттың ұлттық үлгісі нотариаттық қызметтің еліміздің барлық аумағында қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, заң жобасын әзірлеудің негізі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің 2017 жылғы 8 ақпандағы отырысының Хаттамасымен (бұдан әрі – Хаттама) көзделген тапсырмалар болып табылады. Хаттамамен, бірінші кезекте, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған, сондай-ақ шалғай жерлерде тұратын санаттарына ұсынылатын қызметтердің сапалылығын және оның азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында заң қызметін көрсету саласын одан әрі жетілдіру қажеттілігі айтылған.
Хаттамада келесілерге бағытталған заң қызметін көрсету аясын жетілдіру туралы ұсыныстар беру көзделген:
Заң қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға;
Адвокатура институтын нығайту, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруға. Бұл ретте, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу мүмкіндігін қарастыру;
Адвокаттарды қылмыстық, азаматтық және басқа да санаттардағы істер бойынша мамандандыру мүмкіндігін енгізуге бағытталған заң қызметін көрсету саласын жетілдіруге ұсыныс дайындау көзделген.
Бұл шараларды бөлек заң әзірлеу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Хаттамаға сәйкес бұл Заңның реттеу мәні:
Заң қызметінің барлық кешенін көрсету;
Нарыққа құқықтық қызмет енгізу, оның ішінде соттардағы өкілдікті кәсібилендіру;
«Рro bono» қағидатында азаматтардың жекелеген санаттарына тегін заң қызметін көрсетуді көздейтін заң қызметі институтын кеңейту;
Заң мамандары дайындау барысында қойылатын талаптарды анықтау.
Тұжырымдамада және хаттамада белгіленген білікті заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру бағыттары заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін жүзеге асыруды көздейді.
Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыты Қазақастан Республикасының Конституциясының құқұықтық идеяларын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабы 3- тармағына сәйкес, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Аталмыш Конституциялық норманың идеясы өзінің бірізді дамуын білікті субъектілердің сапалы заң көмегін көрсетуге қатысуын қамтамасыз ететін механизмдерді құру жолымен, әзірленіп жатқан заң жобасында тапқан. Заң көмегін көрсету саласына көптеген субъектілер қатысады: адвокаттар,нотариустар,жеке тәжірибедегі заңгерлер және басқалар. Бұл ретте, тек қана адвокаттар, нотариустардың қызметі арнайы заңнамалармен реттелген. Жеке тәжірибедегі заңгерлер заң көмегін көрсетуші субъекттер ретінде заңнамамен белгіленбеген. Олармен көрсітілетін заң көмегінің біліктілік деңгейін кепілдендіретін нормалары белгіленбеген. Бұл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда теріс әсер етеді. Соған қарамастан олардың заң көмегін көрсету саласына қатысу үлесі елеулі.
Осы орайда заң жобасы өзінің бағыты ретінде жеке тәжірибедегі заңгерлердің қызметіне заңнамалық негіздеме беру қажеттілігін таңдады.
Сонымен қатар құзіретті адвокаттардың заң көмегін көрсетуіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында адвокаттардың және нотариустардың қызметін жетілдіруге бағытталған механизмдер ұсынылды.
Заң көмегін кешенді заңнамалық реттеу мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңын әзірлеу мүмкін болып отыр.
Заң жобасы, заң қызметінің негізін құруға және заң қызметінің барлық ауқымын ұсынуды ұйымдастастыру саласындағы жалпы бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бұл заң жобасы заң көмегін көрсету саласының және заң қоғамдастығының еркін, алға бағытталған дамуына үлес қосуына ықпал етуі керек.
Осыған орай заң жобасында қолданыстағы заң қызметін көрсету үлгісін қайта қарау және келесілерді ескеру ұсынылды.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабы 9 - тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданатының айтып өту қажет.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде бап көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Енгізуге көзделіп отырған өзгерістер мен толықтырулардың мөлшері Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының 50 пайызынан астам болғандықтан, бізбен «Адвокаттық қызмет туралы» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңдырының нормалары бар жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Заң жобасын қабылдау ұсынылады.
 
1)​ Жетілдірудің негізгі идеялары (Негізгі тұжырымдама).
 
Заңгерлік көмекті кәсіби заңгер ретінде қарастыра отырып, бұл саланы жан-жақты құқықтық реттеу біздің мемлекетімізде жоқтығын атап өту керек.
Қазақстандағы заң көмегі саласы қызметін реттеудің түрлі дәрежелері бар әртүрлі қатысушы топтардан тұрады. Бұл жағдайда құқықтық көмек сапасы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай ең төменгі стандарттар анықталмаған. Динамикалық талдау жүйесімен заңгерлік көмек көрсету саласын дамыту мәселелерін талдау, сондай-ақ осындай көмек көрсетудің жалпы деңгейінің жүйелері жоқ.
Заңгерлердің кәсіби қауымдастығының жүйесіз түрде дамуы, заңгерлік көмек көрсету сапасына кері әсер ететіні сөзсіз. Осы саланың негізгі реттеушісі ретінде заңнамалық реттеуді және кепілді құқықтық көмек көрсету арқылы осы саланы реттеудің жалпы тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етуші мемлекет болып қала береді.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда қоғамдық қарым-қатынас саласының реттеушісі ретінде, атап айтқанда кәсіби қоғамдастықтар әрекет етуі тиіс.
Заң көмегі саласында көмек көрсету тұтынушының қалауы басты бағдарға алынуы керек және қажетті стандарттарға сай болуы тиіс.
Осыған орай, бұл саладағы құқықтық реттеудің негізгі бастамалары ретінде:
-​ Құқықтық көмек көрсету субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру жолымен заңдылықты қамтамасыз ету
-​ Заңгер мамандығының мәртебесін арттыру және нығайту
-​ Білікті заңгерлік көмек пен әділеттілікке қол жеткізуді жетілдіру
-​ Заң көмегін алушылардың мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу және көмек көрсету (клиентке бағытталған заң көмегін көрсету)
-​ Заң көмегін көрсету саласында бәсекелесті дамыту және колдау ( заң көмегін көрсету);
-​ Тәуелсіз, кәсіби әртараптандырылған және тиімді құқықтық қоғамдастықтың дамуына жәрдемдесу;
-​ Бостандық және кәсіптік мінез-құлық қағидаларына және кәсіби этикаға сәйкестікті көтермелеу;
-​ Pro bono негізінде заң көмегін көрсету негізін құру
 
2)​ Заң көмегін көрсету қағидаларының жүйесі
 
Құқықтық реттеуде және заң көмегін көрсетуде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін қағидалар жүйесін бекіту ұсынылады. Сонымен, заң көмегі келесі қағидаттар негізінде құрылады:
1)​ Заңның үстемдігі;
2)​ заң көмегін көрсетуші субъектілердің тәуелсіздігі;
3)​ клиенттің құқықтарымен бостандықтырын қорғау және сыйлау;
4)​ заң көмегін клиенттің мүддесі үшін ұсыну;
5)​ кәсіби құпияны сақтау;
6)​ кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау;
7)​ заң көмегін көрсету шаралары мен шегін анықтау еркіндігі;
8)​ заң көмегінің жоғарғы стандартты сапасын сақтау;
9)​ мамандығы бойынша әріптестерін құрмет;
10)​ заң көмегінің қолжетімділігі;
Бұл ретте заң көмегін көрсету қағидаттары өзара байланысты және олардың жүйесін құрайды. Әр қағиданы жүзеге асыру заң көмегін көрсетудегі басқа да қағидаттармен өзара әрекеттесе отырып, жүзеге асырылады.
Сонымен бірге заң көмегінің қағидаларын жариялау, Заң көмегін ұсыну стандарттарын орнатуға; кәсіби қызметке талапты анықтауға; Заң қызметі субъектісінің қызметінің этикалық стандарттарын әзірлеуге, ұсынылған заң көмегінің сапасына талдау жүргізу және осындай талдау негізінде анықталған кемшіліктерді жоюуға мүмкіндік беретін заң көмегін көрсету жүйесін құрмай, нәтижесі болмайды.
 
3)​ Өзін-өзі реттеу ұйымы.
 
Кәсіби қоғамдастық тарапынан құқықтық көмек көрсету саласын дамытуға мүмкіндік беретін өзін-өзі реттейтін жүйені құру керектігі жоспарлануда.
Заң көмегін көрсетуші субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйымдар - құқықтық кеңес берушілер палатасына біріктірілетін болады.
Осыған ұқсас палаталар соттарда жеке тұлғалардың мүддесін білдіру түрінде құқықтық көмек көрсететін кәсіби заңгерлердің міндетті мүшелігі негізінде қалыптастырылатын болады (әрі-қарай заң кеңесшілері). Заң жобасында заң консультанттардың құқықтық мәртебесі (анықтамасы, талаптары, құқықтары мен міндеттері және т.б.) белгіленеді.
Мұндай субъектілер үшін заңгерлік көмек көрсету талаптарының бірі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасу болып табылады.
Өзге де заң көмектерін көрсетіп жүрген заң консультанттары Заң консультантарының палатасына ерікті түрде кіру құқығына ие болады.
Айта кету керек, нотариустардың, адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының міндетті мүшелігі негізінде құрылған қолданыстағы құрылымдар мемлекеттің кепілдік берген заңгерлік көмек көрсету жүйесінде осы аталған субъектілердің ерекше мәртебесін сақтау ұсынылады.
Заңгер мамандары өкілдерінің өзін-өзі реттейтін ұйымдарға еркіндігін заңды қоғамдастықты әртараптандыруды қамтамасыз ету әрі қарай жетілдіру үшін біліктілігін арттыру мақсатында, құқықтық кеңесшілер палаталарының жұмыс істеуі үшін жағдайларды заңнамалық түрде көпшіліктік негізінде қамтамасыз ету тиімді.
Мүліктік кедергілерді жою үшін білікті заңгерлердің бірлестігіне қосылу шарты секілді кіру жарнасын тыйым салуды енгізу ұсынылады. Заң консультантары палатасына мүшелік жарналарды енгізу ұсынылады.
Мұндай шара білікті заңгерлердің кәсіби бірлестіктерге мүше болуына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Заң консультантарының палатасы:
Әдістемелік қызметтерді (заң көмегін көрсетудің минималды стандарттарын әзірлеу палата мүшелерінің және басқаларының кәсіби біліктілігін арттыру)
Ұйымдастыру қызметтерді (заң консультантарының палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу, өзінің мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес, оның ішінде шетелдік халықаралық және басқа ұйымдарда қорғау)
Реттеуші қызметтерді (заң консультанттары палатасының мүшелеріне және олардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, палата жарғысын бекіту және басқалар) атқарады.
Бақылау функциялары (құқықтық көмек көрсету заңнамасының талаптарын сақтау бөлімінде өз мүшелерінің қызметін, құқықтық көмек көрсету стандартарын, кәсіби этика кодексі және т.б.).
Заң консультантарының палаталарының ұйымдастыру құрылымы коллегиялық және атқарушы органдармен бірге ревизиялық және тәртіптік комиссия сияқты арнайы органдардың құрылуын көздейді.
Тәртіптік комиссияның басты мақсаты заң консультантары палатасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының құқықтық көмек көрсету заңнамасының талаптарын, қызмет этика стандарттары, құқықтық көмек көрсету стандарттары бұзылған жағдайда жасалған шағымдар мен іс-әрекетіне (іс-әрекетсіздігіне) арыздарын өздігінен қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ревизиялық комисся заң консультантары палатасын басқару органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізетін болады.
 
4)​ Кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету (pro bono)
 
Құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңгерлік көмек көрсету жүйесін жақсарту, бірінші кезекте, табыс деңгейі төмен адамдарға басымдық беріледі.
Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсетудің қолданыстағы тетігін жетілдіру мақсатында «ex officio» құқықтық қөмек көрсету жүйесінен, аралас, pro bono институтын енгізілуін көздейтін жүйеге көшуді ұсынамыз.
Атап өтетін жайт, қолданыстағы «ex officio» құқықтық қөмек көрсету жүйесі көбіне Шығыс Еуропа елдіріңде және бұрынғы ССРО-да таралған және біздің еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуына толық сәйкес келмейді.
Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсетудің қолданыстағы моделі табысы төмен тұлғаларға білікті заң көмегін алу конституциялық құқығын жүзеге асырылуын қамтамасыз етпейді.
Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы жағдайында мұндай субъектілердің болуы заңдылы және бұл тұлғалардың осы санаттағы білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету қажеттілігі айқын болып табылады. Бұл тәсіл 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында көрініс табады.
Шет елдік тәжірибені талдауға құқықтық көмек көрсетудің аралас үлгісі үшін тән болып табылатын қоғамдық игілікке «pro bono» берудің табысты тәжірибесін көрсетеді.
(pro bono) Халықаралық заңгерлер қауымдастығының қағидаларын жариялау (2008 ж.) «pro bono» негізінде заң көмегін көрсету сапаның бірдей деңгейі бар заң көмегін ұсыну болып табылады, коммерциялық клиенттерге сыйақы төленбестен немесе сыйақы күтпестен және халықтың әлеуметтік қорғалмаған, осал топтарына, сондай-ақ оларға қолдау көрсететін қоғамдастықтар мен ұйымдарға қолдау көрсетуге байланысты ұсынылады.
Осылайша, «pro bono» - заңгерлік көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі сәтсіз болған жағдайда өтемақы механизмі болып табылады.
Шетелдік заңды практикада pro bono модельдері ерекшеленеді. Жалпы, pro bono Америкада бастауын алганын атап өткен жөн. Осылайша, Американдық адвокаттар қауымдастығы қайырымдылық қызметі үшін жылына кемінде 50 сағат өткізуді ұсынады, ал Англияда 2002 жылдан бастап тегін заң көмегін көтермелеп, насихаттайтын мерекелік апта атап өтіледі.
«pro bono» қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік көріністерінің біріне жатады.
Азаматтық қоғам институттары бола отырып, құқықтық қоғамдастықтың өкілдері оны дамыту алдында әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыруы керек.
Әлеуметтік жауапкершілік үрдісі қоғамдағы жаңа құбылыс емес. Оның айналдыруы қолданыстағы заңнамада белгіленген. Сонымен, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілер мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл принциптерінің бірі кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.
Ұсынылып отырған pro bono моделі еркін тегін, іс бойынша арызданған сәттен бастап заң бойынша шешім қабылданғанға дейін кешенді қызмет көрсетуді көздейді (құқықтық мәселенің шешілуі). «pro bono» институтын заңды жоба ретінде енгізу барысында «кешенді әлеуметтік құқықтық көмек» терминін осы институтта қолдануға ұсынылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету еркін сипатты болып табылады, және заң көмегін көрсету субъектілерінің міндеті емес, құқығы болады. Кешенді әлеуметтік заң көмегі тек субъектілер өз бетімен оны көрсету міндеттемесін қабылдаған жайғдайда міндетті сипатты болады.
Осындай көмек алу құқығы қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, жасына қарай зейнеткерлерге және т.б.
Кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің көлемі мен тәртібін заң кеңесшілерінің палаталары, міндетті мүшелікке негізделген субъектілер бірлестіктерімен бекітіледі.
Құқықтық көмек көрсету субъектілерін кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету институтын қолдануды ынталандыру мақсатында, бірқатар ынталандыратын шара көзделуі ұсынылады.
Осылай, егер жан-жақты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің нәтижесі клиенттің ақшалай қаражат алуында көрінетін оң нәтижеге әкелсе, заң көмегін көрсететін субъект клиенттің келісімімен мүлікті өндірістен 10 пайызынан аспайтын мөлшерде сыйақы, сонымен бірге баж салығын төлеу шығыстарын алуға құқығына иеленетін болады.
 
5)​ Адвокаттық қызмет
 
Адвокаттық қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.
Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Адвокаттық қызметті жетілдіру шеңберінде төмендегілер ұсынылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 12 589 азаматы заңмен айналысу құқығына ие. Шын мәнінде, лицензияланған тұлғалардың жалпы санының 4 683 адамы немесе 37% -ы - адвокаттар (адвокаттар қауымдастығына қосылған тұлғалар), бұл 3900 адамға 1 адвокат. Гериманияда 500 адамға 1 адвокат, Францияда шамамен 1200 адамға 1 адвокат бар.
Бұл адвокаттардың саны Қазақстанның барлық тұрғындарына білікті заң көмегін көрсету үшін жеткіліксіз. Адвокаттардың жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі - кіріс ақысының жоғары көлемі. Бүгінгі таңда кіріс ақысы 680 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін, яғни адвокаттық қызметті бастауға кедергі келтіреді.
Сонымен қатар, заңгерлердің аумақтық коллегиясында міндетті тағылымдамадан өту үшін жылына 136-дан 272 мың теңгеге дейін.
Осылайша, кәсіптік қызметті бастауға дейін адвокат мәртебесіне үміткер орта есеппен шамамен 1 млн. Теңге төлеуі қажет.
Бұл жағдайлар адвокаттың мамандығын жас адвокаттар үшін қол жетімсіз етеді.
Одан бөлек, адвокаттар алқасына мүшелігіне кіргенше, үміткер оның білікті деңгейін тексеру арқылы бірнеше кезеңнен өтеді ( жоғары заң білімін алу, тағылымдамадан өту, аттестаттаудан өту). Нысаналы жарна кәсіби сапасын дәлелдеуге бағытталмай, қосымша мүлікті кедергі болып келеді. Адвокаттар қауымдастығының материалды қажеттілігі нысаналы және мүшелік жарналар арқылы қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты адвокаттар қауымдастығына жарналар енгізу қажеттігін жоққа шығару ұсынылады.
Адвокаттар үшін нысаналы және мүшелік жарналарын төлеу бойынша міндеттеме сақталады, сондай-ақ ерікті жарналар төлеу мүмкіндігі көзделеді.
Дегенмен, адвокаттың жаңа тұлғалар мамандығына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін, бастапқы төлем ақысын төлеуге қойылатын талапты алып тастау қажет деп есептейміз. Мұндай өзгерістер адвокаттар алқасының табысының төмендеуіне әкелмейді. Себебі, бастапқы нысаналы жарналарды алып тастау адвокаттық қызметпен айналысатын адамдардың саны мен мүшелік жарналардың жалпы санының көбеюіне ықпал етеді.
Бұл кедергіні алып тастау адвокаттар санын көбейтіп, адвокаттар арасындағы бәсекелестікті арттыратын және адвокаттарды кәсіби деңгейін көтеруге ынталандырады. Бұл көрсетілетін заң көмегінің сапасын жақсартады.
Заңгер мамандығының сапасын арттыру мақсатында аттестация рәсімін қайта қарау ұсынылады.
Талапкерлерді кәсіби даярлау деңгейін тексеру кезінде оның тәуелсіздігін, объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияны қалыптастыру тәсілдерін өзгерту ұсынылады.
Сондай-ақ, тесттерді, тәжірибелік тапсырмаларды дайындау тәртібін қайта қарау ұсынылады. Адвокаттың мәртебесін алу үшін 1971 жылғы Францияның «Сот және кейбір құқықтық кәсіптерді реформалау туралы» Заңына сәйкес, үміткер қорытынды емтиханды тапсырады және тиісті сертификатты (САРА) алады. Емтихан тапсыру тәртібі өте күрделі және жазбаша (құқықтық құжаттарды ресімдеу) және ауызша бөлімдерден (кәсіби қызметтің құқықтық негіздерін білу үшін ауызша тестілеуден, үміткердің таңдауы бойынша әртүрлі заң салаларын білу үшін тестілеуді, шет тілінде ауызша әңгімелесуден, сондай-ақ емтихан ведомствосының мүшелерімен сөйлесуден) тұрады. Кандидат адвокаттың мәртебесін алу үшін қорытынды емтиханды сәтті тапсырған болып есептеледі, егер оның нәтижесі бойынша 130 немесе одан да көп ұпай жинаған болса. САРА алғаннан кейін, адвокат апелляциялық сот алдында ант береді.
Заң жобасында кешенді компьютерлік тестілеу, тәжірибелік тапсырма орындау кіретін аттестаттау ережесі жетілдірілетін болады. Аттестаттау үдерісінде үмікерлердердің кәсіби сапасын бағалау кезінде адами фактордың әсерін азайту мақсатында енгізілетін біріңғай адвокаттық ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылатын болады. Үміткерлердің тізімін тесттік тарсырмаларды, тесттілдеуді бағалаудың нәтижелері және т.б құру барысында енгізілетін біріңғай адвокаттық жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану ұсынылады.
Нақты реттеу заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттелтін болады.
Адвокатқа ант беру талаптарын, адвокаттардың мантия кию қажеттілігін заңдастыру қажет (Австрия, Грузия). Ант беру туралы талап қою үміткердің адвокат мамандығына енген кезінде адвокат мамандығының қоғамға, мемлекетке, өзі үшін маңыздылығын арттырады. Грузияның «Адвокаттық қызмет туралы» Заңыңда келесі ант белгіленген: « Әділдіктің идеяларына адал болуға, Грузияның Конституциясы мен заңдарына, кәсіби этика кодексіне, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып ерікті және адал, адвокаттың міндеттерін орындауға ант етемін».
Қазақстандық заңнамаға сәйкес, судьялар үшін мантия, ал прокурорлар үшін форма қарастырылған. Сот алдында конституциялық теңдік принципін іске асыру үшін адвокаттың беделін арттыру, оның моральдық қорғалуы, адвокаттардың азаматтық және қылмыстық істерге қатысуы кезінде мойындауы бойынша адвокаттардың сот тыңдауларына қатысуы барысында мантияны кию қажеттілігі туралы талап қою қажет. Басқа жағдайларда, адвокат іскерлік стилін ұстануы керек.
Мұндай мысалдар Австрияда, Грузияда, Түркияда, Германияда бар.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес адвокаттар келесі қызмет түрлерінің бірін таңдау мүмкіндігіне ие болады: заңгерлік кеңестер, жеке қызмет немесе адвокат кеңсесіне бірігу. Бүгінгі таңда елімізде 16 аумақтық адвокаттар алқасы жұмыс істейді, олардың құрамында: 203 кеңес беру және 149 адвокаттық кеңсе. Сонымен бірге адвокат кеңсесі бір адвокаттың атынан әрекет етеді. Шын мәнісінде, ұйымның бұл түрі адвокаттар жүргізген жеке тәжірибеден ерекшеленбейді.
Коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылған адвокат кеңсесінің жұмысын талдау қазіргі талаптарға сай келмейтінін, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заң фирмаларымен салыстырғанда адвокаттардың ұжымдық қызметін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермейтінін көрсетеді.
Осыған байланысты заң кеңселерінің жұмыс істеу механизімін қайта қарау ұсынылады.
Адвокаттар кеңсесін құрған адвокаттар өзара серіктестік туралы келісім жасасады деп күтілуде, серіктестер өз әріптестерінің атынан заң көмегін көрсету бойынша күш-жігерлерін біріктіруге міндеттенеді.
Бұл жорамалдар заңгерлік көмек көрсететін ұжымдық ұйым ретінде заң фирмаларының жұмыс істеуін дамытуға мүмкіндік береді.Заңгерлердің ұжымдық ұйым ретінде жұмыс істеу мысалдары Германия, Грузия, Ресей Федерациясының заңнамасында бар. Германияда 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жауапкершілігі шектеулі, 3 716 серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің 764, адвокаттық компаниялардың 92 және 23 заңгерлік акционерлік қоғамдар болды. Көптеген заңгерлер офис коммуникацияларында, жеке кеңселерде және қарапайым серіктестіктерде жұмыс істейді. Грузияда адвокаттық қызметті жүзеге асыру мақсатында заң кеңсесін жеке немесе басқа серіктестермен серіктестік немесе кәсіпкерлік заңды тұлға түрінде белгілеуге құқылы.
Адвокаттардың біліктілігін арттыру механизмін жетілдіру ұсынылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес адвокаттардың республикалық алқасы мен аумақтық колледждердің адвокаттардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі функциялары қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, бұл оқу талаптарды кезеңділігі, осы іс-шараның мазмұны орнатылмаған.
Осы мақсатта Франция тәжірибесінің ұқсастығы бойынша адвокаттардың біліктілігін арттыру жыл сайынғы курстарын өткізуді қарастыру. Францияда бұл мәселенің жауапкершілігі адвокаттар Мектебі болып табылады. Осы мақсатта, мектеп заңнамасында құқық, этика, романдар түрлі салалары бойынша семинарлар өткізеді. Адвокаттар өз бетінше өздеріне қажетті сабақты таңдайды. Жыл бойы олар кемінде 20 сағат бойы біліктілікті арттыру курстарында оқуы керек, ал бірінші жылы практиканың кемінде 10 сағаты деонтологияға арналған болуы керек. Әрбір семинар тестілеумен аяқталады, Содан кейін, біліктілігін арттыру бағыты бойынша өз білімдерін растайтын куәлік беріледі. Бұл куәлік адвокаттар кеңесінің палатасына жіберілде. Адвокат мүшелігінде тұруына растаушы құжат. Тәртіп теріс қылық болмауы кеңес палатасының куәлігінің жыл сайынғы 20 оқу сағат ішінде бағаланады.
Республикалық адвокаттар алқасының стандарттарының біліктілігін арттыру сондай-ақ кәсіби адвокаттар деңгейін арттыру, талаптар орталығына біліктілігін арттыруға ықпал ету.
Функционалды адвокат жұмыс тәжірибесін, сапасын адвокат институы көрсетеді. Адвокаттарға қатысты шағымдар саны азаймай отыр. Жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары адвокаттар алқасында қаралып, оның ішіндегі 80% әңгімелесумен аяталады заңды жауапкершілкке адвокаттар тартылмайды. Залалды өтеу нәтижесін орындамау адвокат кәсіби міндеттерінде қарастырылмаған.
Осы бөлікте кәсіби мүлікті жауапкершілікті тәуекелін адвокаттар шегінде олармен жасалған шарттардың заң көмегін көрсету мәселесін қарау қажет. 1991 ж. Францияда адвокат кәсібін ұйымдастыру Заңы кәсіби жауапкершілігін сақтауға міндетті. Заңгер бір адвокатқа жылына 2 миллион франк мөлшерінде сақтандыру сомасының ең аз мөлшерін белгілейді. Құрама Штаттарда 52 мемлекеттің әрқайсысында өздерінің сақтандыру жүйесі бар. Сонымен қатар, көп жағдайда, үлгі - жеке сақтандыру басым. Тек Орегон штатында ұжымдық сақтандыру жүйесі қолданылады. Грузияда адвокат өзінің кәсіби жауапкершілігін клиенттің ықтимал материалдық зиянды өтеу үшін заңнамамен көзделген тәртіпте және жағдайларда сәйкес қамтамасыз ету үшін қажет. Эстонияда жауапкершілікті міндетті сақтандыру міндетті болып табылады.
Кеңес беру сипатына ие болатын құқықтық көмек Комиссиясымен келісілген РКА ұсынған құқықтық көмек үшін тарифті әзірлеу және бекітуді қамтамасыз ету қажет. Франция, АҚШ тәжірибесін зерделеу барысында көрсеткендей, бұл елдерде қарастырылған қаламақы шарттық мөлшері белгіленген . Дегенмен, кейбір елдерде белгілі бір ерекшеліктер бар.
Францияда алынған нәтижеге байланысты бекітілген қаламақыны орнатуға тыйым салынған. Гонорар сомасы істің күрделілігі, танымалдылығы, клиенттің мүліктік жағдайы негізге алына отырып анықталады. АҚШ-та қаламақының орташа мөлшерін тағайындау кәсіби мінез-құлық міндеті туралы Үлгі ережесінде бекітілген.
Германияда 1 шілде 2004 жылдан бастап адвокаттар қаламақысы туралы Заңы күшіне енді, адвокаттармен көрсетіліп отырған заң көмегіне орнатылған тарифтердің сыйақы беру туралы қолданылған Ережесінің орнына. Бұл ретте, адвокаттарға сенімгерлерімен жеке қаламақы туралы келісім жасауға рұқсат берілген. "Қаламақы жетістігін" төлеу туралы келісім жасасуға тыйым салу орнатылған. Жекелеген жағдайларда адвокат клиенттің жеке жағдайын ескере отырып, атап айтқанда, клиенттің төлем қабілетсіздігі, іс аяқталғаннан кейін төлемді азайтып немесе ақы алудан бас тартуы мүмкін.
Польшаның 1982 жылғы 26 мамырдағы «Адвокаттардың кәсібі туралы» Заңының 16 бабында көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу бекітілген. Осылай, 16 бабының 1 тармағында, заң көмегі үшін алымдар клиентпен келісу арқылы анықталады деп көрсетілген. әрі қарай, 16 баптың 2 тармағында, польша адвокаттар алқасының және Ұлттық заң кеңесшілері алқасының пікірін алып, Әділет министрі заңгерлік өкілдікке шығыстарды өтеуге негіз болатын, сот органдарында кәсіби заң көмегі үшін алымдарды қаулы түрінде бекітеді.
Тәжірибе көрсеткендей, аумақтық адвокаттар алқасы адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тарта бермейді. Көптеген жағдайларда адвокаттар жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершіліктен қашса, ал қалған азаматтар қабылданған шаралармен көңілдері толмайды. Адвокаттар алқасының төралқасы Заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша функцияларды қарастырылады. (Заңның 30-бабы).
Сонымен бірге, Адвокаттар алқасының төралқасы әкімшілік-шаруашылық мәселелерімен, адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғауды мен өзге де функциялары орындайды (24-бап). Адвокаттарды орталықтандыру әр текті функцияларды бір органның құзыреті жасайтын мүдделер қақтығысы бар және үлкен ықтималдығы кезінде шығарылған шешімдер объективсіз тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында адвокаттар алқасында адвокаттардың кәсіби, этикалық талаптарын және тәртіптік жауапкершілкке тарту мәселесін шешетін жеке тәуелсіз орган құру қажет деп есептейміз. Аумақтық деңгейлерде құрамында 6 адвокат, 3 уәкілетті органның өкілі, 2 орнынан түскен судья бар тәртіптік комиссия құрылуы көзделеді. Тәртіптік комиссияның төрағасы тек адвокат бола алады.
РАА-мен бекітілетін тәртіптік комиссиялары ережесі негізінде алқалардың тәртіптік комиссияларының жұмыс жасауы көзделеді. Адвокаттардың заң жауапкершілігінен кету мәселесін шешу үшін, заң жобада РАА-ның тәртіптік жағымсыз әрекет туралы материалдарды қараудағы және тәртіптік жазалауға тартудағы қадағалау өкілеттіліктері кеңейтілетін болады. РАА денгейіңде адвокатураның тәртіптік комиссиясының құрылуы көзделеді.
Комиссияның құрамы адвокаттар алқасының тіртіптік комиссияларымен ұқсас қалыптасатын болады.
Тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша бөлек органның жұмыс атқаруына қатысты. Эстонияда тәртіптік жауапкершілік мәселелерімен ар-намыс Соты айналысады. Эстонияның адвокаттар алқасы туралы Заңына сәйкес, ар–намыс Соты адвокаттарға адвокаттармен жасалған тәртіптік құқықбұзушылыққа қатысты істерді, және ар-намыс Сотының құзыретіне кіретін басқа да сұрақтарды қарайды. Ар –намыс Соты төрт жылғы құрылады және 7 мүшеден: адвокаттар алқасының жалпы жиналысымен сайланған төрт алқа би адвокаттарынан, Эстонияның Жоғарғы сотының Пленумымен сайланған 2 судьялардан және Тартус университетінің заң факультеті Кеңесімен тағайындалған 1 заңгерден тұрады.
Нидерландыда әр аппеляциялық сотта аумақтық хұкімі (юрисдикциясы) аппеляциялық сотының хұкіміне сәйкес келетін және бірінші сатыда тәртіптік мәселелерді қарайтын тәртіптік кеңестер бар. Тәртіптік кеңес соттың аумағында орналасқан. Нидерландының адвокаттар туралы Заңының 46 b бабына сәйкес, әр тәртіптік кеңес төрағадан, 13- тен аспайтын төраға орынбасарларынан, 15- тен аспайтын қауымдастырылған адвокаттардан және 30-дан аспайтын қауымдастырылған адвокаттар орынбасарларынан тұрады. Төраға және төрағаның орынбасарлары судьялардың арасынан қауіпсіздік және Әділет министрімен тағайындалады.
Қауымдастырылған адвокаттар және олардың орынбасарлары тек осы аймақта адвокаттық қызметпен айналысатын және Нидерландыда 5 жылдан астам уақыт тіркелген адвокаттар бола алады. Олар жергілікті алқалардың кеңесімен ұсынылған үміткерлер арасынан өкілдер Кеңесімен сайланады.
Германияда адвокаттардың тәртіптік соты әр алқаның аймағында бекітілген. Тәртіптік сот төрағалық ететін судьядан және адвокаттар алқасының мүшелеріне қатысты қызмет атқаратын адвокаттар алқасының мүшелерінен тұрады. Адвокаттардың Тәртіптік сотының мүшелері аумақтық сот әкімшілігімен тағайындалады. Олар аумақтық сот әкімшілігіне Алқа Кеңесімен ұсынылған үміткерлер тізімінен таңдалуы қажет ( тізім қажетті үміткерлер санынан 50 % артық болуы кажет). Үміткер ретінде тек Алқа Кеңесіне сайлануға құқылы тұлғалар болуы мүмкін. Адвокаттардың тәртіптік сотының мүшелері жаңа мерзімге қайта тағайындалу мүмкіндігімен 4 жылдан астам мерзімге тағайындалады.
Республикалық адвокаттар алқасының (бұдан әрі – РАА) функцияларын күшейту ұсынылады.
Қолданыстағы заң аясында Республикалық адвокаттар алқасы, адвокаттардың өзін-өзі басқару ұйымы ретінде адвокаттар алқасының жеке және мемлекеттік органдар адвокаттарының, Қазақстан Республикасы аумағындағы және оның шегінен тыс жерлеріндегі адвокаттардың мүдделерін қорғау, адвокаттар алқасының қызметін үйлестіру, олардың көрсететін заңдық көмегінің деңгейін арттыру көзделген. Алайда, Республикалық адвокаттар алқасын үйлестіру сипаты негізінен тек қана, өз қызметіне қатысты және алқаның қызмет жүйесіне ғана қатысты. тоқсан сайынға қортындыны жинақтау, шарттық тәжірибе, ақпараттық қамтамсыз ету).
Республикалық адвокаттар қоғамының құзырында аумақтық адвокаттар алқаларының сапалы заңгерлік көмек көрсету тиімділігін бақылау жоқтың қасы. Заңгерлік көмек көрсетудің бірыңғай стандарты және де нақты бір қорғаушының қызметтік этиканы сақтауының заңмен бекітілген мемлекеттік тетігі жоқ.
Адвокаттардың республикалық бірлестіктерінің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды қабылдау, олардың кейбірін уәкілетті органмен келісу, (мысалы, бірыңғай ордердің нысанын дайындау және бекіту, мантия және оның сипаттамысын дайындау, адвокаттың сұранысын рәсімдеу және жолдау тәртібі, Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ереже, адвокаттардың кәсіби деңгейін көтеру, адвокаттардың істердің санаттары бойынша мамандандырылу мүмкіндігі, заң көмегін көрсету стандарты, заң көмегі сапасының мөлшері), сондай-ақ мүшелердің, адвокаттар алқасының мүшелерінің бұзушылықтарына тиімді жауап беру өкілеттігін беру ұсынылады және т.б. .
Адвокаттар алқасы, РАА органдарында болу ұзақтығына шектеу қоюды қарастыру. Осылайша, РАА заңда адвокаттар алқасының органдарының, РАА,тексеру комиссиясының (4 жыл) қызметіне қатысты мерзімдер қарастырылған, бірақ осы органдарда қатысудың мерзімділігін шектеу мәселесі қарастырылмаған.
Адвокаттық қоғамдастықтардың басқару органдарына сайлау мерзімін белгілеуді ұсынамыз.
РАА, адвокаттар алқасының қаржылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында , тексеру комиссиясының құрылуына және жұмыс жасауына қойылатын талаптарды күшейту ұсынылады.
Заң жобасында адвокаттық ордерді алып тастау ұсынылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ордер- бұл адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын құжат болып танылады. Сонымен бірге, ол құжатты қолдану тәжірибесі оның тиімсіз және ескіргенін көрсетеді.
Құқықтық дәстүрлері дамыған елдерде ордерлердің аналогтары көзделмеген.
Тәжірибеде ордер болуының қажеттілігі адвокаттармен білікті заң көмегін көрсетуде қиындықтар туғызады. Ордерді ұсына алмайды немесе әлдекайда кейін ұсынылуы мүмкін. Бұл адвокаттың адвокаттық ұйымының ( адвокаттық кеңсе, заң кеңесі) басшылығынан негізсіз тәуелді болатын дәлелдейді.
Бүгінгі таңда адвокаттың мәртебесі түбегейлі өзгерді.
Адвокаттың өкілеттігі оны адвокаттық қызметімен айналысуға лицензиялар тізіліміне қосу арқылы, адвокаттың куәлігімен дәлелденеді. Бұл орайда, адвокаттың нақты іс жүргізуге өкілеттілігі әртүрлі түрде бекітілуі мүмкін. Мәселен, азаматтық іс жүргізуде мұндай өкілеттілік сенімхатта көрсетілуі мүмкін. Қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуде адвокаттың өкілеттілігі іс жүргізу әрекетінің хаттамасында көрсетілген, сенім білдірушінің келісімімен дәлелденуі мүмкін.
Заң жобасында адвокаттың виртуалды офисі ретінде Е-адвокатура-ны құру ұсынылады, ол заң көмегін көрсетуді оңтайландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ , елдегі бүкіл заң мамандығы үшін бірыңғай алаң бола алатын РАА ресми сайтын құру ұсынылады. Осы жүйе арқылы адвокат заңгерлік көмек көрсету туралы шартты тіркеген кезден бастап, мемлекеттік органдардың сұрауларын дайындап және шағымдарын жолдап, заң көмегін көрсету туралы тапсырма бойынша арыздар мен өтініштерді, есептерді және жүргізілген істердің статистикасымен аяқтай отырып өз қызметін жүзеге асыра алады.
Бұдан басқа, заң жобасында жариялылықты, қаржылық қызметтің нәтижелерінің ашықтығын қамтамасыз ету, тәртіптік жауапкершілікке тарту, коллегиялардың ішкі құжаттарына қол жеткізу, жоспарланған іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында, адвокаттардың республикалық және аумақтық алқаларының қызметі туралы ақпаратты РАА және адвокаттар алқаларының сайттарында орналастыру қажеттілігі көзделген.
Сонымен бірге, Заң жобасында Қазақстандағы барлық адвокаттар үшін РАА сайты біркелкі болуы тиіс деп белгілейді. Әрбір аумақтық адвокаттар алқасы өзінің ақпаратын өздерінің кіші бөлімшелері бар бірыңғай сайтқа орналастыруы керек. Барлық аумақтық алқаларында РАА-мен бірыңғай платформаны пайдалану адвокаттардың сайтын құру бойынша шығындарын оңтайландырады және барлық адвокаттар үшін республиканың барлық өңірлерінде ақпарат алу үшін барлық адвокаттарға еркін қол жеткізуге мүмкіндік беретін мазмұнды кәсіби контент ретінде бірыңғай ақпараттық кеңістікке айналады және тұрғындарға белгілі бір біліктілігі бар адвокаттың таңдауына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызметті және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылады.
 
4. Заң жобасын реттеу нысанасы
Заң жобасы адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғаларға адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету барысында құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін анықтайды.
 
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны
Заң жобасы 4 бөлімнен тұрады
 
Бірінші бөлім «жалпы ережелер» заң көмегін көрсететін субъектілерімен оны көрсетілуінің жалпа шарттарын анықтайтын болады. Бұл бөлімнің нормалары құқықтық көмек көрсету қағидаттарын, құқықтық көмек көрсетудің түрлері мен нысандарын, заң көмегін көрсететін субъектілердің құқықтық жағдайын, заң көмегі саласында Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін және т.б. анықтайтын болады.
 
Екінші бөлімде « Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуінің жалпы шарттары мен тәртібін реттейтін болады.
 
Үшінші бөлім «Адвокаттық қызмет» адвокаттардың заң көмегін көрсететін негізгі субъектілер ретінде құқықтық жағдайын ( құқытары мен міндеттері, кепілдемелері, қызметін сақтандыру); адвокаттардың құқықтық мәртебесін алуға негіздемелер (үміткерге қойылатын талаптар, тағылымдама, аттестаттау, лицензиялау, мүшелік шарттары); адвокаттық қызметтің ұйымдастыру нысандары, РАА, аумақтық адвокаттар алқасының басқару органдары, олардың өкілеттіліктеріне, адвокаттар алқасы мүшелерінің қызметіне, басқару органдарына бақылау жүргізу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, адвокаттар алқасы мүшелерінің адвокаттық қауымдастығының басқару органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану нормаларын көздейтін болады.
 
Төртінші бөлімде заң кеңесшілерінің құқықтық жағдайы, заң кеңесшілерінің өзін-өзі реттеу моделі, заң кеңесшілерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі және шарты; заң кеңесшілерінің палаталарына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу шегі және т.б. анықталатын болады.
 
6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері
 
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу барысында жүргізілген құқықтық мониторинг заңнамалық актілерінің мына нәтижелері ескерілді:
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 3 шілдедегі № 122 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заң;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195 «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы.
Мәселен, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында осындай көмек көрсетудің стандарттарын анықтайтын халықаралық актілердің нормалары анықталды.
Атап айтқанда, бұл туралы 1990 жылы БҰҰ-ның Сегізінші Конгресінде қабылданған адвокаттың ролі туралы Негізгі ережелеріне сәйкес, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға заң көмегін көрсету үшін тиісті қаржыландыруды және басқа да ресурстарды қамтамасыз ету Үкіметте міндеттелген. Өз кезегінде, осындай көмекті көрсетуді ұйымдастыру және оған жағдай жасауда адвокаттардың кәсіби қауымдастықтары ыңтымақтастануы қажет. Бұл тәсілді, заң жобасы шеңберінде кешенді әлеуметтік заң көмегі институтын (pro bono), сондай-ақ, мемлекет кепілдік беретін заң көмегін компенсаторлық сипаты арқылы көрсетілуін енгізу арқылы көзделіп отыр.
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңын талдау нәтижесінде адвокаттардың біліктілігін арттыруға қатысты тиімсіз іске асырылатын заң нормалары анықталды.
Осыған байланысты, адвокаттардың біліктілігін тұрақты жетілдіру қажет екендігі ұсынылып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Республикалық адвокаттар алқасының және аумақтық адвокаттар алқаларының адвокаттардың біліктілігін арттыру бойынша функциялары қззделген. Алайда, біліктілікті арттырудың кезеңділігі мен мазмұнына талаптар қойылмаған.
Осы мәселеде, мысал ретінде Қырғызстанның тәжірибесің алуға болады. Сонымен, Қырғыз Республикасының «Қырғыз Республикасының адвокатурасы және адвокаттық қызмет туралы» Заңына сәйкес, адвокатураның жанында адвокаттардың кәсіби біліктілігін арттырылуын және кәсіби оқытылуын ұйымдастыру мақсатында дербес заңды тұлға болып танылатын оқу орталығы жұмыс істейді.
 
7. Заң жобасы қабылдаған жағдайда болжамды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар
 
Оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары:
- заң қауымдастығы өкілдерінің ( адвокаттардың, заң кеңесшілерінің, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының) құқықтық мәртебесін нығайту;
- заң көмегін көрсететін субъектілердің кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтармен, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғалармен заң көмегін тегін негізде алуын қамтамасыз ету;
- заң көмегі сапасының арттыру;
- адвокат көрсететін заң көмегінің сапасын қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының заңды мүдделерінің қорғау;
- халыққа білікті заң көмегін тиісті көрсетілуін ұйымдастыруда адвокаттар алқасы және адвокаттық кеңселерінің рөлін арттыру.
Заң жобасын қабылдау теріс және басқа да жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарын болжамайды.
 
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі
 
Заң жобасының қабылдануымен қолданыстағы 1997 жылдың 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» және 2013 жылғы 3 шілдедегі № 122 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңдарын күшін жою қажет болады.
Заң жобасының нормаларын жүзеге асыру мақсатында бір мезгілде Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 4 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;
- Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы « Әділет органдары туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 19 мамырдағы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы.
 
9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелуі
 
Қазіргі уақытта, заң жобасына кіретін мәселелер жалпы алғанда келесі заңнамалық актілерімен регламенттенеді:
-Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 4 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;
- Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 2 сәуіріндегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңы және т.б..
Сонымен бірге, бұл нормативтік актілер тұжырымдамада ұсынылған мәселелерді фрагментарлы реттейді. Сонымен қатар, бөлек алғаш рет енгізіліп отырған механизмдер дербес реттеуді талап етеді, мысалы:
- заң консультанттарының өзін-өзі реттеуі;
- кешенді әлеуметтік заң көмегі ( pro bono);
- заң консультанттары мен адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру.
 
 
10. Қаралып отырған мәселе бойынша шетел тәжірибесінің болуы
 
Құқықтық көмек көрсету моделі 
Шет мемлекеттерде мемлекеттік кепілдендірілген құқықтық көмек көрсетудің келесі модельдері пайдаланылады1:
1) Келісімшарттық модель (модель judicare), - арнайы мемлекеттік орган адвокатпен, белгілі бір санды істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы заң фирмасы немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын істердің жекелеген санаттары бойынша келісім жасайтын жүйе. Бұл модель Австрия, Англия және Уэльсте, Австралияда, Норвегияда, Нидерландыда, Шотландияда, Швецияда, Канадада және АҚШ-тың кейбір штаттарында қолданылады. Бұл модель екі түрге ие:
а) таза түріндегі judicare моделі (pure judicare), оның мәні адвокаттар жергілікті әкімшіліктер арқылы немесе адвокаттар немесе басқа ұйым арқылы мемлекет тарапынан заң көмегін төлеуді алады. Кейбір жағдайларда соттар мемлекеттік субсидияланған заң көмегін көрсету үшін бағдарламаға қатысушы адвокатқа тегін заң көмегін алуға құқығы бар адамдарды жібереді.
Бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу нақты бір заң көмегі түріне (мысалы, өзара келісім бойынша ажырасуға арналған тіркелген сома), немесе сағаттық төлемдер түрінде немесе қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығына қарамастан, қызмет үшін ең жоғары төлемдер есебінен жасалады.
B) «Кезекші адвокат» моделі і (duty counsel), оның мәні тегін заң көмегін көрсетілуін қамтамасыз ету кажет болғанда, адвокаттар толық емес ставкаға жұмыс жасайды және олармен көрсетілген заң көмегі үшін ақы олармен көрсетілген орғаушы немес өкіл ретінде қатысқан әр күніне төленеді.
2) Қоғамдық ( қоғамдық, мемлекеттік) қорғаушының моделі құқықтық көмек жүйесін басқаратын мемлекет немесе орган аумақтық негізде табысы төмен азаматтар тобын заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін заң көмегін берушіні - кеңсе (бюро, кеңестер, қызметтер, орталықтар, комиссиялар және т.б.) жүйелерін құрады. Бұл кеңселердегі жұмыс, әдетте, келесі схемаға сәйкес жасалады: тап болған құқықтық мәселенің сипатын анықтау үшін кезекші қызметкер заң көмегін алуға өтініш білдірген сұхбат жүргізеді. Оның қиын болмау жағдайында, оған заң көмегі дереу құқықтық ақпарат беру немесе құқықтық консультация беру арқылы заң көрсетілуі, немесе өтініш білдірушіні аталған мәселе бюро заңгерлерінің қатысуынсыз шешуге болатын органға немесе ұйымға жіберілуі мүмкін. Мәселенің шешімі көп уақытты талап ететін жағдайда, клиент белгілі бір заң саласында мамандандырылған кеңсенің нақты адвокатына жіберіледі. Мұндай үлгі Ұлыбритания мен Уэльс, АҚШ, Израиль, Шотландия, Литва, Ресей, Украина және басқа да бірқатар елдерде бар.
3) «ex officio» моделі - қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың (прокурордың, тергеушінің, полицияның, соттың) лауазымды тұлғасы, адвокаттардың, адвокаттың немесе өкілдің кәсіби ұйымы арқылы адамға заңгерлік көмек көрсетіп, оның жұмысына мемлекеттік бюджет қаражатынан төлемақы тағайындайды. Бұл модель посткеңестік кеңістіктегі көптеген мемлекеттер мен Орталық және Шығыс Еуропадағы бұрынғы социалистік елдер үшін тән.
4) Аралас модель - бұл жоғарыдағы екі және басқа модельдердің элементтерін біріктіретін жүйе: тегін заң қызметі тәуелсіз мемлекеттік мекеме – бюро, кеңес, қызмет, орталықтар және т.б.) (яғни, қоғамдық қорғаушы) арқылы олармен жасасқан бөлек істер бойынша шарттар негізінде (яғни, нақты модель), сонымен бірге, модельдерді ( заң клиникалары, «pro bono(ақысыз заң көмегі)»), қос- заңгер және т.б. модельдерін пайдаланып көрсетіледі.
 
Құқықтық көмек көрсету саласындағы заңнама
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасына құқықтық көмек көрсететін алғашқы мемлекет Германия болды.
Германияда қандай да бір тарап сотқа және қорғаушылық қызметке төлем төлем жасай алмаса, заңгерлік көмек азаматтық (соның ішінде отбасылық құқық), әкімшілік, еңбек және тіпті сотта конституциялық даулар бойынша құқықтық көмек көрсетілуі мүмкін.
«Консультациялық көмек туралы» Заңы қысқартылып (Advisory Assistance Act)2, құқықтық көмек көрсету табыс деңгейі төмен азаматтарға, 1980 жылғы қабылданған консультативтік көмек көрсету және өкілдік туралы Заңмен реттеледі (Аcton Advisory Assistance and Representation for Citizens with a Low Income). Заңмен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету аспектілері реттемелмеген, алайда, бұл рәсім Қылмыстық іс жүргізу кодексінің регламенттеріне сәйкес келеді.
Консультативтік көмек шетелдіктерге көрсетілуі мүмкін, егер шетел құқық аспектілері шығындалатын болса, онда көмек көрсетілуі ұсынылмайды.
Құқықтық көмек алудың шарттары болып, біріншіден, адамның заң қызметтері үшін төлем қабілетсіздігі, екіншіден, істің оң нәтижесінің жоғары пайызы, ал үшіншіден, іс мәнсіз сипатта болмауы керек.
Құқықтық көмек туралы өтініш, әдетте тиісті сотқа шағымның жобасымен, талап арызбен бірге беріледі. Мұндай рәсім құқықтық көмек алуға өтініш берген тұлға белгілі бір артықшылықтар беретіндіктен, ол сот шығындарын төлеуден уақытша босатылады.
Құқықтық көмек сот шығындарынан босату және сот шешімімен мемлекеттік бюджеттен адвокат ақысының төленуі есебінен қамтамасыз етіледі. Заңгерлік көмек көрсету кезінде адвокатқа төленетін сома заңмен бекітілген төлемдер кестесінде реттеледі және адвокат әдетте қалыпты төлем кестесіне сәйкес клиенттен талап ете алатын соммадан әлдеқайда төмен. Осылайша, бүгінгі күні клиент адвокаттың қызметтерін 15 еуроға 3тең сомада төлеуге міндетті. Дегенмен, заң қызметтері қаржылық жағдайды жақсартуға оң нәтиже берсе (борышты өтеу, өтемақыны төлеу), заңгер алдын-ала келісілген төлемді алу үшін жергілікті сотқа жүгіне алады.
Осылайша, неміс жүйесiнiң ерекшелiгi, өтiнiш берушiге заң көмегiн көрсету туралы шешiмдi анықтау мен шешуде соттың басты рөл атқаратындығы болып табылады. Адвокаттардың істі табысты аяқтауға көбірек назар аударатындарын атап өту керек, себебі іс аяқталғаннан кейін олар толық өтемақы алуға және қызметтері үшін ақы алуға құқылы, істен ұтылған жағдайда оларға заң көмегі аясында қызметтер үшін ең төменгі жалақы төленеді.
Қылмыстық процесті қарау шеңберінде, заң көмегі тек белгілі бір жағдайларда ғана қол жетімді, оның қаржылық жағдайына емес, қылмыстың ауырлығына және айыпталушының әлсіздігіне негізделген. Айыпталушының қаржылық жағдайы, оның сотта қорғау шығындарын қалпына келтіру мүмкіндігі анықталған жағдайда ғана есепке алынады.
1949 ж. Ұлыбританияда Парламент заң қызметтерін ұсынуды реттейтін мәселеге қатысты жүгініп, бұл құқықтық көмек және кеңес беру туралы Заңның (Legal Aid and Advice Act 1949 ж.) қабылдануына септігін тигізді. 1950 жылдан 1989 жылға дейін осы саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі субъектісі Заңгерлер қоғамы4, адвокаттар қызметін білдіретін және реттейтін кәсіби ұйым болды. Көрсетілетін қызметтер сапасының нашар реттелуі 1988 жылы құқықтық көмек туралы (Legal Aid Act 1988) Заңның қабылдануына әкеліп соқтырды, оған сәйкес құқықтық көмек көрсетуді басқару Заң Қоғамының мүшелері Үкіметпен тағайындалған құқықтық кеңес беру кеңесіне өтті. Құқықтық көмек жөніндегі кеңестің міндеті мемлекет пен адвокаттар арасындағы ынтымақтастықтың оңтайлы теңгерімін табу болды. 90-шы жылдардың басынан бастап, Кеңес келісімшарт негізінде франчайзинг қағидаты бойынша адвокаттармен ынтымақтастықты бастады, франчайзинг құқығына ие қызметтерді жеткізушілер белгілі бір өкілеттіктердің артықшылығына ие болды.
Заң қоғамына ұсынылатын қызметтердің стандарттары мен сапа критерийлерін белгілеу құзыретімен айналысу жүктелді. Осылайша, Заң қоғамы адвокаттарды аккредитациялау үлгісін енгізді, осыған сәйкес, Заң қоғамы бекіткен және практикалық емтихан тапсырған оқу курсынан өткен адвокат, белгілі бір облыстарда қызмет көрсету құқығын алады. Бұдан басқа, 1993 жылы Кеңес «Франчайзингтің сапа кепілдігін анықтау» Legal Aid Franchising quality assurance specification – LAFQSA) ретінде белгілі болатын өзінің жеке стандарттар сериясын қабылдады.
2000 жылы Кеңестің өкілеттігі, құқықтық көмек көрсету және консультативтік қызмет көрсету стандарттарын белсенді түрде дамытуды бастаған Заң қызметтері Комиссиясына ауыстырылды, нәтижесінде 2002 жылы «Сапа белгісі» заң қызметтерін ұсынудың бірыңғай стандарттарын қабылдауға әкелді. Заңды қоғамның сапа белгісін алу шарттары әзірленді. Олар, негізінен, кеңсені тиімді басқаруға арналған стандарттар жиынтығы болып табылады. Іс жүргізуді бағалау, іс материалдарын тексеру, әріптестердің (мінсіз беделі бар тәжірибелі заңгерлер) тексеруін «құпия сатып алушы» әдісімен тексеру түрлерін енгізді.
2013 жылы Құқықтық қызметтер жөніндегі комиссияны ауыстыру үшін Ұлыбританияның Әділет министрлігі жанындағы Англия мен Уэльсте5 азаматтық және қылмыстық істер бойынша заңгерлік көмектер мен кеңестер беретін құқықтық көмек көрсету агенттігі құрылды. Мұндай өзгерістер Ұлыбританияның заң көмегіне жұмсалатын шығыстарына министрлік бақылауды күшейту мақсатында 2012 жылы құқық бұзушыларды соттау және жазалауға байланысты құқықтық көмек туралы заңының қабылдануына негіз болды6.
Бүгінгі таңда, Агенттікпен келісім жасау үшін ұйым «Агенттіктің сапа белгісі» немесе «Медиацияның сапалық белгісі»7 немесе «Lexcel практикалық басқарма стандарты» (Lexcel Practice Management standard) стандарттарына сәйкес аккредиттелуі тиіс8.
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекке Қоғамдық қорғаныс Қызметі қызмет көрсетеді, оның қызметкерлері Агенттікпен жалданған полиция бөлімшелерінде және сот залында құқықтық көмек көрсету қызметімен айналысатын заңгерлерден тұрады. Дегенмен, криминалдық саладағы демеушілік заң қызметтерінің көпшілігі Агенттікпен келісімшартқа қол қойған және нақты іс бойынша төлем алатын жеке заңгерлер болып табылады.
АҚШ-та заңгерлік көмек қылмыстық және азаматтық сала болып бөлінеді.
Қылмыстық істердегі заңгерлік көмек қылмыстық қудалауға түскен және өзіне адвокат жалдауға жай-күйі жоқ тұлғаларға кепілді түрде жүргізіледі.
Қылмыстық әділет туралы акті (18 АҚШ заңдар Жиынтығының 3006А Бап титулы) аз қамтылған жандарға және қылмыстық істер жөніндегі федералдық соттаудағы тұрмысы төмен айыпталушыларға тегін заң көмегін көрсету тәртібін орнатты.
1963 жылы АҚШ Жоғарғы Соты Гидеонның Вэйнрайтқа қарсы ісінде (Gideon v. Wainwright), Конституциясының Алтыншы түзетуіне қатысты, адвокаттық көмек талап ететін жағдайы жоқ айыпталушыға құқық көмек беруге үкіметтен талап ететіні анықталды.
АҚШ-та көпшілік қорғаушысы (public defender) болып, жариялы қорғаушылар қызметінде жұмыс істейтін, яғни мемлекет есебінен қаржыланатын агенттікте және тұрмысы төмен жандарға көмек көрсететін адвокат түсініледі.
Сот жариялы қорғаушылар қызметін сотталушыны қорғау үшін тағайындайды, қызмет өз кезегінде іспен айналысуға заңгер жібереді.
Сондай-ақ соттар, жеке практикамен айналысатын заңгерлерді, келісім-шарт жасасу арқылы тұрмысы төмен жандарға өз қызметтерін көрсетуге келісім бере отырып, нақты істердің саны белгілі бір мерзімге анықталатын, не нақты іс бойынша тағайындай алады.
Жария қорғаушылар қызметі жергілікті билік органдарымен (әр штатта әр түрлі) - қалалық кеңесі, муниципалитет, мэриясы және т.б. құрылып, жалпы түрде оның күнделікті жұмысына араласпай осы ведомствоның қызметіне жетекшілік етеді.
Жекелеген ірі қалаларда (мысалы Нью-Йорк) келісім-шарт негізінде қалалық биліктің ұйымдастыруы бойынша тегін заңгерлік көмек көрсету мәртебесі бар жеке коммерциялық емес ұйымдар құрылады.
Мұндай ұйымдар штаттың және/немесе муниципалитет бюджетінен қаржыландырылады; олар қайырымдылықтан түскен қаражатты да ала алады.
Шағын қалаларда, ауылдық жерлерде тұрмысы төмен жандарға, өзінің негізгі практикасынан бөлек, тегін заңгерлік көмегі тұрмысы төмен жандардың мүддесіне орай адвокаттармен көрсетіледі.
Мұндай адвокаттар әңгімелесуден кейін біліктілік комиссиясының адвокаттар тізіміне енгізіледі, осы юрисдикция шегінде барлық соттарға қатысты тұрмысы төмен азаматтардың ісіне жетекшілік етеді.
«Тізімдік» адвокаттар қызметін (сағаттық ақы төлеу немесе іс бойынша ақы төлеу) тиісті билік органы бекіткен тариф бойынша мемлекет төлейді9.
Азаматтық істерде заңгерлік көмек көрсетуге федералдық заңдарында кепілдік берілмейді, бірақ қоғамның мүддесіне орай қорғайтын әр түрлі заңды фирмалар, және төмен бағамен немесе тегін негіздегі заңды клиникалары ұсынылады.
1974 жылы АҚШ Конгресі (42 Атағындағы АҚШ заңдар Жинағының 2996 бабы) заңгерлік қызметін көрсету бойынша Корпорациясын (ЗҚКК) (Legal Services Corporation) бекітті.
ЗҚКК негізгі міндеті – тұрмысы төмен жандарға және аз қамтылған азаматтарға азаматтық және өзге емес заңды қызметтерді, қылмыстық емес сот ісін жүргізу барысында қаржыландыру болып табылады.
90 пайыздан астамы өз бюджетін ЗҚКК 133 тәуелсіз коммерциялық емес заңгерлік көмек бағдарламаларына 800-ден астам кеңселері арқылы қаржыландыруға бөледі10.
ЗҚКК заңдық көмегі көбінесе келесі салаларда: денсаулық сақтау, отбасы құқығы, жалға берушінің – жалға алушы даулары, тұтынушылардың құқығы, еңбек құқығы, әскери отбасыларға көрсетілетін заңдық көмегі, дүлей зілзалалардан зардап шегушілерге заңдық көмек көрсетіледі. Жыл сайын Корпорацияның сайтында атқарылған жұмыстар бойынша талдау жарияланады11.
Батыста мұқтаж жандарға pro bono publico неғұрлым кең саласынан тыс тұжырымдамасы заңды көмек көрсетуге жатады, яғни «қоғамдық игіліктер үшін» тұжырымдамасының кәсіби, қайырымдылық, қоғамдық және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз көмек көрсету кезінде жүргізіледі.
Америкада мұқтаж жандарға заң көмегін көрсету заңгердің кәсіби жауапкершілігі ретінде қарастырылады.
Америка заңгерлер қауымдастығының 6.1 Типтік ережесіне сәйкес, әрбір заңгер жылына кем дегенде 50 сағат pro bono заңды қызметін көрсетуіге ұмтылуы тиіс12.
Барлық штаттар мен жергілікті қауымдастықтарға pro bono комитетінің заңгерлері бар және заңгерлердің ерікті ретінде қызмет көрсетуі қарастырылған.
Америка заңгерлер қауымдастығының құрылымдық бөлімше ретінде жария қызметін және pro bono қызметтерін ұсыну бойынша Комитет кіреді (Standing Committee on Pro Bono & Public Service).
Англия және Уэльс заңды қоғамының сайтында pro bono Хартиясын заң фирмасының атауы, мекен-жайы, директоры немесе өзге тұлға онлайн қол қою арқылы, және осы бағытта жұмыста жауапты (pro bono identified contact) болып табылатын, pro bono заң фирмасымен және Англия Заңды қоғам мен Уэльс арасындағы келісім-шарт жасасу арқылы растау болып табылады13.
 
Заңгерлік көмек көрсету стандарты
БҰҰ-ның Есірткі және Қылмыс Басқармасы (ЮНОДК) заңгерлік көмек көрсетуді стандарттау мәселелеріне халықаралық деңгейде үлкен көңіл бөлді. ЮНОДК әзірлеген БҰҰ-ның қылмыстық әділеттіктің заңды көмегіне қолжетімділігі бойынша Басқару Қағидаттарды 2012 жылы БҰҰ-ның қылмыстың алдын алау және қылмыстық әділеттілік жөніндегі комиссия мемлекет үшін мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсыну саласындағы жалпы нұсқама ретінде бекітті.
БҰҰ өткізген құқықтық көмек көрсетудің жаһандық зерттеуі заңгерлік көмек қызметін көрсету үшін заңгерлер біліктілігінің негізгі шарттары (73%) ұлттық біліктілік емтиханынан өтуге дәлел ұсыну, одан әрі ұлттық қауымдастыққа мүше болу (60%), заңгерлік көмек қызметтерін ұсынушылардың ұлттық тіркеліміне тіркелу (23%), заңгерлік көмек көрсету үшін жеке арнайы емтиханнан өту болып табылады (20%)14.
Америкада заң көмегін көрсету стандарттары заңгерлердің нақты бір жұмысына емес, осы салада клиенттермен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеуге бағытталған. Қаражаты шектеулі адамдарға pro bono азаматтық заңгерлік көмек ұсыну бағдарламаларына арналған 2013 жылғы стандарттар (Standards for Programs Providing Civil Pro Bono Legal Services to Persons of Limited Means, August 2013) орындау үшін міндетті болып табылмайды, алайда Америка заңгерлерінің қауымдастығы аталған стандарттарды ақысыз негізде заңгерлік қызметтерді көрсететін заңгерлік фирмаларға беруді басымдықпен ұсынады.15.
2013 жылы Жаңа Зеландияның Әділет министрлігі қайта қаралған Заңгерлік көмек бойынша қызметтер ұсынушыларға арналған практикалық стандарттарды қабылдады. Практикалық стандарттар 12 жалпы қағидаттарды, клинеттер алдындағы жалпы міндеттерге, қылмыстық, отбасылық құқық, психикалық денсаулық сақтау саласындағы стандаттарға арналған бөлімдерді қамтиды16.
Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында Штаттың құқықтық көмек ұйымы Заңгерлер қоғамымен және Заңгерлер қауымдастығымен бірлесіп жекелеген құқықтық салаларда Практикалық стандарттар қабылдады17.
Англияда, жоғарыда сипатталғандай Заң көмегі агенттігінің «Мамандар санатының белгісі», «Медиация бойынша сапа белгісі» және Англия мен Уэльс Заң қоғамының «Lexcel басқару практикасының стандарты» стандарттары қолданылады.
 
Заңгердің этикалық (әдеп) кодекстері
АҚШ-та заңгерлердің қызметін жекелеген штаттар мен аумақтардың үкіметі реттейді. Жалпы федералдық заң құқықтық этиканы (әдепті) реттемейді. Әрбір мемлекеттің немесе аумақтың этикалық (әдеп) нормаларын белгілейтін өзінің кәсіби этика (әдеп) кодексі бар. Оларды штаттың тиісті заңды органдары және /немесе сот жүйесі қабылдауы мүмкін. Адвокаттардың Америкалық қауымдастығы іс жүзінде жеке ұйымдарға ұсынатын болып табылғанымен, көптеген штаттарға ықпал еткен Үлгілік кәсіби этика (әдеп) қағидаларын тапты18. Үлгілік қағидалар мемлекеттік этика (әдеп) қағидаларында қамтылған тақырыптарды, оның ішінде клиент пен заңгердің арасындағы қарым-қатынасты, заңгердің сот процесі кезінде адвокат ретіндегі міндеті, клиент болып табылмайтын адамдармен, заңгерлік фирмалармен және қауымдастықтармен қарым-қатынасы, қоғамдық қызметтері, жалпы кәсіпті қолдауды қамтиды. Клиенттердің құпиялылығына құрмет, өтініштерге қол сұғылмаушлық, шыншылдық және кәсіби тәуелсіздік – міне осылар құқықтық этиканың (әдептің) ерекшеліктерін айқындаушылардың бірі.
АҚШ-тың Нью-Йоркты қоса алғанда кейбір штаттары адвокат болғысы келетін өтініш берушілердің заңгерлік мектепте білім алған уақытында кәсіби жауапкершілік курсынан өтуін қалайды.
Штаттың заңгерлер қауымдастығы сотпен консультация кезінде бір қатар этикалық (әдеп) нормаларын қабылдайды, онда қолданылатын этикалық міндеттер белгіленеді. 2013 жылдан бастап, 48 мемлекет Адвокаттардың Америкалық қауымдастығының үлгілік қағидаттарының нұсқаларын қабылдады. Калифорния және Мэн - осы қағидаларды қабылдамаған жалғыз штаттар, оның орнына осы мемдекеттер өз қағидаларын басынан бастап жазды. Жергілікті этика (әдеп) нормасын сақтамайтын адвокаттар жеке (жария емес) сөгістен қызметке құқықтан айрылуға дейін тәртіптік жазаға ұшырауы мүмкін.
Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы жеке құқықтың ерікті кәсіби қауымдастық болып табылады. Осылайша, оның кез келген басқа үкіметтік емес адовокаттар алқасы сияқты заңнамалық немесе реттеушілік билігі жоқ. Сәйкесінше, Үлгілік қағидалар қандай да бір шатта қабылдау үшін міндетті болып табылады. Дегенмен, Үлгілік қағидалар толық немесе ішінара, кейде өзгерістерімен 49 штатта, Колумбия округінде және АҚШ-тың бес елді мекен аумағынан төртеуінде заңгерлердің кәсіби этикасы (әдебі) қағидалары ретінде қабылданды. Белгілі бір мемлекетте қабылданған кәсіби мінез-құлық немесе кәсіби жауапкершілік қағидаларын осы штаттың заңгерлері міндетті орындауы тиіс.
Аустралияда 2015 жылғы шілдеде басталған реформа шоттар беру рәсіміне, тәртіп және шағымдарды өңдеу рәсіміне қатысты бірыңғай заңгерлік кәсіпті реттеу жүйесін құруға әкелді. Заңгерлік кәсіпті және заңгрерлік қызметтер көрсетуді реттеу үшін Заңгерлік қызметтер жөніндегі муниципаль аралық кеңес құрылды. Бұл 2015 жылғы Заңгер консультанттардың этика (әдеп) қағидаларының бірыңғай жиынтығын және 2015 жылғы Адвокаттардың этика (әдеп) қағидаларының бірыңғай жиынтығын құруға әкелді.
Штаттар және Аустралия аумақтары бірлесіп реттеу, өзін-өзі реттеу және тәуелсіз реттеу арқылы реттеледі.
Ұлыбританияда 2007 жылғы 1 шілдеден бастап, Англия және Уэльс солиситорларының жаңа кәсіби этикасының (әдебінің) кодексі қолданылады.
 
 
Заңгерлердің біліктілігін арттыру рәсімі
Құрама Штаттарда заңгерлердің біліктілігін арттыруға (Continuing Legal Education, CLE) немесе аккердиттеуге қойылатын талаптарға қатысты жалпы ұлттық қағидалар жоқ. Әрбір юрисдикция заңгерлер қызметін қалай реттеу керек екені туралы өз бетінше шешім қабылдайды. Бұл өкілеттік, әдетте әрбір юрисдикцияның Жоғарғы сотына жүктеледі және арнайы комиссияларға немесе заңгерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі кеңестерге бөлінеді.
Дегенмен, АҚШ юрисдикцияларындағы CLE бағдарламасының бірдей болуына ықпал ету үшін әртүрлі күштер қолданылды. Мысалы, Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы (АВА) жекелеген юрисдикциялар үшін CLE үлгілік қағидалар жариялады19. Бұл құжатты көптеген штаттар қабылдады және осы штаттардың жұмыс істейтін заңгерлерін ұзақтығы 15 сағат біліктілікті арттыру жөніндегі курстан жыл сайын өтуін міндеттейді.
Осындай ұқсас түрде, Заңгерлердің біліктілігін арттыру басшыларының қауымдастығы (CLEreg) CLE-ға бірыңғай өтініш, CLE-ға қатысудың бірыңғай сертификациясын және CLE қашықтықтан оқыту глоссарийін құрды. CLEreg сондай-ақ, CLE бағдарламаларын басқаруда өзінің мүшелеріне көмектесу үшін CLE нұсқамасын құрды.
Штаттарда заңгерлік біліктілікті (CLE) арттырудың міндетті талаптарымен заңгерлер белгіленген кезеңнің ішінде бағдарламаның ең төменгі кредиттерін (сағаттарын) алуы тиіс. Бұдан басқа, кейбір юрисдикцияларда нақты бір тақырыптар бойынша (мысалы, этика (деп), салыстырмалы құқықтану, тәуелділікті жою, кәсіби жауапкершілік, базалық дағдылар, психикаға әсер ететін заттарды шамадан тыс тұтыну, қызметті жағдайын асыра пайдаланудың және заңгер мен клиенттің арасындағы даулардың алдын алу) CLE кредиттерінің ең төменгі көлемін талап етіледі.
АҚШ заңгерлері әдетте тәжірибелі заңгерлер ұсынған заңгерлік даярлықты аяқтай отырып, CLE кредиттерін алады. Оқыту құқықтық теория сияқты заңгерлік практикадағы тәжірибені қамтуы мүкін. Әдетте, құзыреттілікті тексеру біліктілікті арттыру курсынан өту уақытында талап етілмейді. Оқу материалдарын таңдау ауқымды және нақты бір заң саласына қолжетімді ең заманауи және озық ойды ұсынуы мүмкін. Көбіне CLE кредиттерінің бөлігі оқу және өз бетінше зерделеу арқылы алынуы мүмкін. Соңғы жылдары көптеген юрисдикциялар енді заңгерлерге онлайн режимінде және аудижазбаларды тыңдау арқылы өткізілетін қашықтықтан оқыту крустарының шеңберінде CLE кредиттерін алуға мүмкіндік береді.
Балама ретінде тәжірибелі заңгерлер Нью-Йорк сияқты кейбір юрисдикцияларда жария сөз сөйлеулер немесе CLE аккредиттелген бағдарламаларына оқыту; CLE аккредиттелген іс-шараларының панелді таныстырылымдарын ұйымдастыру немесе қатысу; заңгерлік мектептердің аккредиттелген Заңгерлердің Америкалық Қауымдастықтарында заңгерлік курстарда сабақ беру; студенттерді, оның ішінде орта мектеп немесе колледж деңгейінде юриспруденция бойынша конкурсқа және осы конкурсқа қазылық етуге даярлау; заңгерлік зерттеулерді жарияланымдар арқылы; сондай-ақ, тегін заңгерлік қызметтер ұсыну арқылы CLE кредиттерін ала алады.
Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы, Заңгерлердің Федералды қауымдастығы сияқты жекелеген штаттардың заңгерлер қауымдастығы, ұлттық заңгерлер ұйымы жыл бойы біліктілікті арттыру мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру Практикалық заңгерлік институт (PLI), Заңгерлік біліктілікті арттыру жөніндегі Америка заң институты (ALI-CLE), Америка және халықаралық құқық орталығы (CAIL) және Америка және Талмуд құқығы институты (IAT Law), сондай-ақ жеке коммерциялық ұйымдар сияқты заңгерлік мектептердің, қауымдастықтардың және топтардың базасында ұйымдастырылады. Курстар әдеттегідей барлық заңгерлер (кейде заңгер еместер) үшін ашық, бірақ ұйымдар өзінің мүшелеріне жиі жеңілдіктер ұсынады. Соңғы уақыттарда, CLE тегін бағдарламаларын ұсыну мен жылжытудың үрдісі бар.
Ұлыбританияда заңгерлер қызметі 2007 жылғы Заңгерлік қызмет туралы заңмен реттеледі20. Continuing Professional Development (CPD) деп аталатын үздіксіз кәсіби даму бағдарламасы барлық кәсіптер үшін, оның ішінде заңгерлер үшін міндетті болып табылады. Практикадағы заңгерлер Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқармаға өздерінің біліктіліктігін арттыру туралы жыл сайын хабарлауы тиіс. Бұл Басқарма осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құралдар ұсынады. Практикадағы заңгерлер кемінде 12 сағаттық курстық жұмысты және 50 сағаттық дербес білім алуды жыл сайын орындауы тиіс.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқарма Англия мен Уэльстің практикадағы заңгерлері және тіркелген куропа заңгерлері үшін біліктілікті арттырудың (Continuing Competence) жаңа міндетті бағдарламасын енгізді. Енді заңгерлерге өздерінің білім алатын сағаттарын есептеу қажеттілігі жоқ, керісінше өзінің құқықтық саласында құзыретті болу үшін алған білімнің сапасы мен бағытына көп көңіл бөле алады. Жаңа тәсіл заңгерлерге оқыту тәсілін өз бетінше таңдауға және өзінің біліктілігін арттыру үшін қандай білім қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқарма сайтында өз бетінше білім алуға, өз білімін тексеруге және бағалауға арналған толық нұқсаулық пен құралдар бар, одан кейін өз нәтижелерін сақтауға және біліктілікті арттырудан өткені туралы ресми жазбаша хабарлауға болады21. Одан кейін заңгерлер қызметін реттейтін орган осы заңгердің құзыреттілігіне көз жеткізу үшін курстан өту нәтижелерін сұрата алады.
Аустралия мен Канадада қағидалар юрисдикцияға (яғни ауылдар мен аумақтарға) қарай ауытқып отырады. Мысалы, Альбертте (Канада) жыл сайынғы оқыту жоспарын талап ететін міндетті үздіксіз кәсіби даму (CPD) бағдарламасы қолданылады. Заңгерлер өз жоспарларын әзірлейді және жыл сайын Альберттің Заңгерлер қоғамына олардың орындалғаны туралы хабарлайды. Альберттің Заңгерлік білім беру қоғамы осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған құралдарды ұсынады.
Онтариода 2010 жылы негізін қалаған Жоғарғы Канаданың Заңгерлер қоғамы ауылдардың барлық заңгерлері үшін CPD міндетті сағатын белгіледі.
Британ Колумбиясында (Канада) міндетті болып табылады және адвокаттар жыл сайын Британ Колумбиясының Заңгерлер қоғамына біліктілікті арттыру туралы хабарлауы тиіс. Британ Колумбиясының үздіксіз заңгерлер білім беру қоғамы осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету құралдарын ұсынады. Практикадағы заңгерлер кемінде 12 сағаттық курстық жұмысты және 50 сағаттық дербес білім алуды жыл сайын орындауы тиіс.
Өздерінің бүкіл мансабы бойына заңдарды білу мен юриспруденцияда білім алуда артта қалмауын, кәсіби этиканы (әдепті) сақтауын және құқықтық практика стандарттарын арттыруын (1-қағида, Bar Matter № 850 – Филиппиннің Жоғарғы соты) қамтамасыз ету үшін Филиппиннің Бірлескен кеңесі (IBP) мүшелерінен үнемі біліктілікті арттыруын талап етеді.
Германия Заңгерлерінің федералды қауымдастығы Адвокаттардың федералды алқасымен бірлесіп, неміс заңгерлерінің біліктілігін арттыруға жауапты.
«Pro bono» заңгерлік көмегін ұсыну
«Pro bono» сөзі «pro bono publico» деген латын сөзінен шыққан, ол «қоғамның қолайлылығы үшін» дегенді білдіреді. Заңгерлік мән мәтінде ол әдетте тегін негізде немесе коммерциялық табысты күтпей айтарлықтай азайтылған ақылы негізде заңгерлік қызметтер ұсынуды білдіреді.
2016 жылғы талдауға сәйкес Томсон Рейтер медиа компаниясы жүргізген 75 елдің заңгерлік фирмаларының арасында заңгерлік компаниялардың pro bono қызметіне қатысуының негізгі мақсаты, әлеуметтік қолдау (95,5%) болып табылады, сонымен қатар 58,8%-ы өз персоналын оқыту және білікітілігін арттыруға қатысудың түйінді факторы болып табылатынын айқындады.
Көмек көрсетудің ең таралған саласы, әділеттілікке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады (68%). Рro bono көмегін негізгі алушылар қайырымдылық ұйымдар (89%) және коммерциялық емес ұйымдар (74%), қоғамдық ұйымдар, құқықтық көмекке зәру адамдар (73%) болып табылады.
Заңгерлік көмек ұсыну саласындағы шетелдік доктринада «қоғам үшін» деген 2 тұжырымдама бөлінген: prodeo және pro bono. Екі тұжырымдаманың арасындағы негізгі айырмашылық prodeo сот үзіндісінде, адвокаттың қызметіне ақы төлеуді мемлекет ішінара немесе толықтай өзіне алған жағдайдан, prodeo заңгерлік қызметін адвокаттар немесе заңгерлік фирмалар ақысыз негізде көрсеткен жағдайдан тұрады.
Аустралия Pro bono орталығы «pro bono заңгерлік қызметтері» түсінігіне мыналарды қосады:
1. Мыналар:
а. Заңгерлік көмекке қажеттілікті негіздей алатын, бірақ заңгерлік көмек ала алмайтын немесе өзгеше тәсілмен қаржылық қиындықтарды бастан өткермей әділеттілікке қолжетімділік ала алмайтын адамдар; немесе
б. Қоғамдық мүддені ұсынатын мәселе туындайтын жеке немесе заңды тұлғалар; немесе
с. Қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерінің мүдделерін ұсынатын қайырымдылық ұйымдар немесе басқа да коммерциялық емес ұйымдар үшін заңгерлік көмекті тегін немесе айтарлықтай азайтылған ақы төлеу бойынша ұсыну немесе өз қызметін қоғамның қажеттілігі үшін жүзеге асырады (for the public good);
2. Заңнамаға реформа және қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерін қозғайтын мәселелер бойынша немесе қоғамның мүддесін ұсынатын мәселелер бойынша саяси жұмыс жүргізу;
3. Қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерін қозғайтын мәселелерінде немесе қоғамның мүддесін ұсынатын мәселелерінде тегін құқықтық білім беруге қатысу; немесе
4. Адвокаттарды қоғамдық ұйымға іссапарға жіберу.
Қызметтің мынадай түрлерін Аустралия Pro bono орталығы «pro bono заңгерлік қызметтеріне» жатқызбайды:
1. кез келген адамға заңгерлік көмекті тегін немесе оның осы заңгерлік көмекке ақы төлей алатынына немесе оның ісінің қоғамдық мүддені ұсынатынына қарамастан, төмендетілген баға бойынша ұсыну;
2. салдарынан қарапайым баға бойынша қызметтерге ақы төлейтін клиенттерге тегін бастапқы консультация;
3. мемлекеттің заңгерлік көмек желісі бойынша ұсынылатын заңгерлік көмек;
4. одан әрі коммерциялық пайда алу мақсатында жүргізілетін спекуляциялық жұмыс;
5. мәдени және спорттық іс-шараларға демеушілік, бизнесті және басқа да маркетингтік мүмкіндіктерді жылжыту мақсатындағы жұмыс;
6. қайырымдылық.
Адвокаттарға Нидерландыда тегін заңгерлік қызметтер (яғни pro bono заңгерлік қызметтерін) ұсынуға рұқсат етілген. Адвокаттар олардың қызметтерінен ҚҚС алуға міндетті емес және заңгерлерден ең төменгі тарифтер алуды талап ететін бәсекелестік қағидалары жоқ. Негізінен Нидерландыда ұйымдар pro bono заңгерлік қызметтерді алушылар, жеке тұлғалар prodeo заңгерлік қызметтерді алушылар болып табылады. Рro bono қызметтерін ірі заңгерлік фирмалар басымдықпен ұсынады.
Португалия заңгерлік фирмалары әдетте әлеуметтік, мәдени немесе білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар үшін тегін заңгерлік көмекке ие болады. Заңгерлік фирмалар өздерінің фирмалық веб-сайттарында pro bono бағдарламаларына арналған парақшалар және бағдарламаларға қатысатын заңгерлердің байланысатын ақпараттарын көрсетеді.
Норвегияда pro bono заңгерлік көмегінің негізгі қызмет берушілері жеке практикадағы адвокаттар болып табылатын өзге жағдай қалыптасты. Адвокаттарға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында Адвокаттар ұлттық алқасы айына бір реттен аптасына 30 минуттың ішінде бір ретке дейін орналасқан орнына қарай жергілікті адвокаттар алқасында pro bono қызметінің шағын көлемін ұсынады.
Францияның заңгерлік лексиконында Американың pro bono терминологиясы жоқ. Францияда assistance «juridique gratituite» (free legal assistance) – «тегін заңгерлік көмек» және assistance benevole (benevolent assistance) – «қайырымдылық көмегі» терминдері бар. Құқықтық көмектің Француз үлгісі құқықтық қызметтер екі жаққа да тегін болып табылатын жалпыға бірдей pro bonо моделінен ерекшеленеді. Француз моделінде заңгерлерге мемлекет қаражатынан аздаған ақы төлеу көзделген22.
Италия құқығының практикасында бұрын pro bonо заңгерлік көмегі түсінігі болған жоқ. Бірақ халықаралық корпорациялар өкілдіктерін дамыту италия құқығына түзетулер енгізді. Италияда«patrocinio a spese dello stato» – “мемлекет арқылы өкілеттік” түсінігі қолданылады, онда мемлекет сот өндірісінде қажет ететін адамдарға өкілдерге ақы өлеу бойынша міндетті өзіне алады23.
Израиль заңнамасында «заңгерлік көмек» терминін пайдалану «pro bonо» терминіне эквивалиентті келеді. Заңгерлер Израильдегі заңгерлік көмектің үш санатын бөледі: 1) мемлекет демеушілік ететін заңгерлік көмек; 2) коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар демеушілік ететін; 3) жеке адвокаттарға көмек шеңберінде24.
Армения Республикасы Конституциясының 40-бабында әр қайсының заңгерлік көмек алуға құқығы бар және егер, заңда көзделсе, заңгерлік көмек тегін көрсетіледі деп жазылған. «Адвокатура туралы Армения Республикасының Ұлттық Заңына ұқсас тегін көмек алу қағидалары белгіленетін және реттелетін free legal aid» – «тегін заңгерлік көмек» тұжырымдамасы белгіленеді.
Заңгерлердің Америкалық қауымдастығының кәсіби мінез-құлық қағидаларының 6.1-бөлімінде әрбір адвокат ақысын төлей алмайтындарға тегін заңгерлік қызметтерді ұсынғаны үшін кәсіби жауапты болады. Бұл ретте, адвокат жылына кемінде тегін 50 сағат ұсынуға талпынуы тиіс. Осы міндеттерді орындау кезінде, адвокат:
(А) мыналарды:
(1) мүмкіндігі шектеулі адамдар немесе;
(2) бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі адамдарды қанағаттандыруға арналған мәселелер бойынша қайырымдылық, діни, азаматтық, қоғамдастық, үкіметтік және білім беру ұйымдары үшін комиссиясыз немесе ақы төлеуді күтпей заңгерлік қызметтердің ұсынылатын 50 сағатының айтарлықтай басым бөлігін қамтамасыз етуі; сондай-ақ:
(Б) мыналарды:
(1) азаматтық құқықтарды, азаматтық бостандықты немесе жария құқықтарды қамтамасыз етуге немесе қорғауға талпынып жүрген жеке тұлғаларға, топтарға немесе ұйымдарға, аталған мәселелер бойынша қайырымдылық, діни, азаматтық, қоғамдастық, үкіметтік және білім беру ұйымдарына қандай да бір ақы төлеусіз немесе айтарлықтай төмендетілген ақы төлеумен заңгерлік қызметтерді ұсыну, стандартты сот үзінділеріне ақы төлеу ұйымның экономикалық ресурстарын айтарлықтай қысқартқанда немесе ақы төлеу керек емес болған жағдайда олардың мақсаттарына ықпал ету;
(2) мүмкіндігі шектеулі адамдарға айтарлықтай төмен бағамен заңгерлік қызметтерді ұсыну; немесе
(3) заңнаманы, құқықтық жүйені немесе заңгерлік кәсіпті жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысу арқылы кез келген қосымша қызметтерді ұсынуы тиіс.
Бұдан басқа, адвокат мүмкіндігі шектеулі адамдарға, заңгерлік қызмет ұсынатын ұйымдарға ерікті қаржылық қолдау көрсетуі тиіс.
Әрбір адвокат кәсіби мәніне немесе кәсіби жүктемесіне қарамастан, ақы төлей алмайтындарға заңгерлік қызмет ұсынғаны үшін жауапты болады. Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы жыл сайын қызметтер көрсету үшін тегін 50 сағат ұсынады. Алайда, Штаттар жергілікті қажеттіліктер мен жергілікті жағдайларға қарай жылдық қызмет көрсету (адвокаттың кәсіби уақытында пайызбен көрсетілуі мүмкін) сағаттарының көп немесе аз көлемі туралы өз бетінше шешім қабылдай алады.
Осылайша, мысалы Вирджиния Штатының Адвокаттар Алқасының Кәсіби Этика Қағидаларына сәйкес, адвокат кәсіби қызметтерді (pro bono) тегін көрсету үшін өзінің жұмыс уақытының жоқ дегенде екі пайызын жұмсауы тиіс. Бұл қызметтерді мынадай салаларда көрсетуге болады: иелігі жоқтары туралы заң, азаматтық құқық және қайырымдылық ұйымдарының мүдделерін ұсыну туралы заң (Қағида 6.1.)25.
 
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру
АҚШ-та әрбір 52 штатта дербес сақтандыру жүйесі бар. Бұл ретте, жеке сақтандыру моделі басым бөлікке ие. Орегон штатында ұжымдық сақтандыру жүйесі қолданылады.
АҚШ-та заңгердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру ерікті болып табылады. Кейбір америка штаттарында заңгерлер қауымдастығы коммерциялық сақтандыру фирмаларына айтарлықтай бәсекелестік туғызатын дербес сақтандыру компанияларын құрады, ол сақтандыру тарифтерінің мөлшеріне ықпал етеді.
Сондай-ақ, әділетсіз заңгерлік қызметтен зардап шеккен клиенттерге өтемақы төлеу үшін заңгерлердің мүшелік жарнасы, арнайы резервтік қор есебінен сақтандыру ұйымдарын құру таралған26.
Соңғы жылдары штаттардың басым көпшілігі (Аляска, Оңтүстік Дакота) этика кодекстеріне заңгердің әлеуетті клиентке өзінің сақтандыру мәртебесін ашуды міндеттейтін қағидаларды бекітуде. Бұл қағиданың мәні айқын: заңгердің заңсыз әрекеттермен келтірілген зияны үшін жауапкершілігі туралы клиенттің хабардарлығы, заңгерді таңдау және оған «қымбат тұратын істі» тапсыру кезінде маңызды фактор сақтандырылмаған27.
Адовкаттарға қолдану ретінде сақтандыру жүйесінде адвокаттардың жауапкершілігі шет елде жеке немесе жеке сақтандыру компанияларында адвокаттарды ұжымдық сақтандыру, міндетті және ерікті тәртіппен сақтандыру көзделгенін атап өту қажет.
Германияда адвокаттардың жауапкершілігін сақтандыру шектелген жағдайларда қолданылады, мысалы адвокаттар апелляциялық және кассациялық шағымдарды беруге кешіккенде, техникалық қателіктерге жол бергенде және т.б., қорғанушылары шығынды өтеуі үшін сақтандыру компанияларына жүгіне алады.
Германияның заңнамасы бойынша адвокаттар абайсызда басқа адамдарға, ең алдымен өздерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде, өзінің сенімгерлеріне келтірген зиян үшін жауапты болады. Бұл ретте, адвокат шектеусіз, оның ішінде өзінің жеке мүлікімен жауапкершілікте болады.
Осылайша, Германия адвокаттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінде адвокаттарды жеке сақтандыру ұйымдарында жеке сақтандыру көзделеді.
Адвокат кәсібін ұйымдастыру туралы 1991 жылғы Француз заңыоның кәсіби азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды көздейді (205, 206-баптар). Сақтандыру шарты нақты бір адвокатпен, адвокаттар тобымен немесе адвокаттық ұйыммен жасалуы мүмкін. Заңда сақтандырудың екінші түрі де көзделген – адвокаттың клиентке тиесілі (немесе соныкі болып табылатын) және кәсіби міндеттерін орындауға байланысты адвокатта болған құндылықтарды, мүлікті және құжаттарды адвокаттың жоғалту қаупі (207, 208-баптар). Сақтандырудың осы екінші түріне, қолдану ретінде Заң клиенттің сақтандыру өтемін алу тәртібін белгілейді. Ол егер, адвокаттың ақы төлеуге қабілетсіздігі төленеді, ол адвокаттың хабарлама алған күннен бастап бір айдың ішінде құндылықтарды қайтару немесе шығындарды өтеу туралы клиент талаптарын адвокаттың орындамағанын куәландырады.
 
Адвокаттық қызмет
Ұлыбританияда адвокаттық қызмет Соттар және заңгерлік қызметтер туралы 1990 жылғы Заңмен (Courts and Legal Services Act 1990), Заңгерлік қызмет туралы 2007 жылғы Заңмен (Legal Services Act 2007), Солиситорлар туралы 1974 жылғы актімен (Solicitors Act 1974) реттеледі.
Сот рәсімдеріне қолдану ретінде сот өндірісіне тараптардың өкілі ретінде (тараптар тікелей қатысқан кезде деген мағына) немесе қандай да бір тараптың орнына қатысу құқықғы берілген адам адвокат болып танылады.
Сотта сөз сөйлеу құқығы бар немесе мұндай құқықты алайын деп жүрген адам көрсететін қызметтер адвокаттық қызмет (көрсетілетін қызметтер) деп аталады. Бұл ретте, барристерді немесе солиситорды қоса алғанда, уәкілетті орган сотқа қатысу құқығын берген немесе мұндай органға мүше болып табылатын адам, уәкілетті адвокат деп аталады.
Солиситорлар туралы 1974 жылғы Заңның 1-бабына сәйкес, (Solicitors Act 1974) Англия мен Уэльсте солиситор ретіне жіберілген, тізілімге енгізілген және оның солиситор ретінде әрекет етуіне уәкілеттік берілген заңгерлік қоғамның сертификаты бар адам, солиситор болып табылады.
Заңгерлік білімі бар, бір жыл заңгерлік практикадан өткен және тиісті емтиханды тапсырған адам солиситор бола алады. Бірақ дербес практиканы жүзеге асыру үшін, солисторға практикалық тәжірибе алу үшін заңгерлік фирмада 2 жылдық еңбек өтілін алу қажет. Базалық заңгерлік білімі жоқ адамдар заңгерлік мамандықтардың курсынан өте алады, одан кейін осы схема бойынша солиситор біліктілігін ала алады.
Барристер біліктілігін алу үшін заңгерлік білімі болуы, барристердің біліктілік курстарынан (Bar Vocational Course) өту үшін сот мектептерінің (Inns of Court School) бірінде білім беру курстарынан өтуі қажет.
Барристерлер барлық инстанциялардағы соттарда сөз сөйлеу құқықтары бар адвокаттар болып табылады, олардың жұмысын Адвокаттар алқасының Бас кеңесі (General Council of the Bar) бақылайды. Сондай-ақ, барристер төрт қауымдастықтың (Inns of Court) бірінің мүшесі болуы тиіс.
Заңгердің кәсіби этикасының барлық қағидалары Solicitor’s Code of Conduct (версия 2007 жылғы нұсқасы 200 бет көлемінде, ал алдыңғысы – 700 бет көлемінде болды) сипатталған. Айтарлықтай жалпы тұжырымдама да бар – заңгер қоғамда заңгер кәсібінің мәртебесіне нұқсан келтіретіндей ештеңе жасамауы тиіс.
АҚШ-та адвокаттың сот өндірісіндегі құқықтық ережесін бекітетін нормативтік құқықтық акт жоқ. Қорғаушының мәртебесі қарапайым, құқықтан, кәсіби этика нормаларынан туындайды.
Адвокаттың сот өндірісіне қатысуының негізін қалаушы шарты АҚШ Конституциясына VI (1791 ж.) түзетуде жазылған: «Қандай да бір қылмыстық тергеуде айыпталушының бұдан бұрын заңда белгіленген, қылмыс жасалған сол штаттың және округтің уәжсіз алқа соттарының жедел және жария сотына құқығы болады; айыпталушының айыптау мәні мен негіздемелері туралы хабардар болуына құқығы бар, оның оған қарсы көрсетілім жасаған куәлармен бетпе-бет кездесуге құқығы, куәлардың өз тарапынан мәжбүрлеп шақырғанына және өз тарапынан адвокаттың көмегіне құқығы бар».
Адвокат өз бетінше немесе екі-үш адвокатпен бірлесіп жұмыс істеуге құқылы. Америкалық адвокаттық қоғам үшін маңыздылығы бойынша негіз ірі адвокаттық фирмалар (елу адвокаттан астам) адвокаттық қызметтің нысаны болып табылады. Мұндай фирмалар әдетте қылмыстық істермен айналыспайды және корпорациялардің істерін басымдықпен жүргізеді. Мұндай фирмалардың меншік иелер серіктестер болып табылады. Серіктіс – ауқымды практикасы бар, ал нәтижесі ретінде – үлкен табыс және адвокаттық фирманың табыс бөлігі үшін құқығы бар адвокат, адвокаттардың екінші тобы – ассоциатордар, әдетте шағын дербес клиентурасы бар не мұндай мүлдем жоқ адвокаттар. Ассоциатр фирмадан пайда алады.
Әрбір штатта штат адовкаттарының қауымдастығы бар. Көптеген штаттарда адвокаттық практикаға жіберілген барлық адамдар үшін қауымдастыққа міндетті мүше болу белгіленген. Алайда, бір қатар штаттарда адвокаттық қызметпен айналысу үшін адвокаттар қауымдастығының мүшесі болу міндетті емес. Мұндай штаттарда адвокаттар қауымдастығы ерікті ұйым ретінде құрылады.
Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы ерікті мүшелігі бар жалпы ұлттық адвокаттар ұйымы болып табылады.
Заңгерлер қауымдастығы таза кәсіби бірлестік болып табылады және ешқандай заңгерлік қызметті жүргізбейді.
Практикадағы адвокаттар ғана емес прокуратурада жұмыс істейтін адовкаттар, сондай-ақ заңгер консультант болып жұмыс істейтін адамдар да Адовкаттар қауымдастығының мүшелері болып табылатынын да атап өту қажет.
Федеративтік құрылғысына қарай әрбір штаттың дербес сот жүйесі бар және өзінің адвокаттарға қоятын талаптарын белгілейді. Анағұрлым жалпы талаптар мыналар болып табылад:
1) Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы (American Bar Association) аккредиттеген университеттің құқық докторы дәрежесінің болуы;
2) Мэриленда, Пуэрто Рико және Висводан басқа барлық штаттарда Кәсіби жауапкершілікке кешенді тест тапсыру қажет (Multistate Professional Responsibility Examination (MPRE)). Тест заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін қамтиды;
3) Кәсіби емтиханды үздік тапсыру (bar examination). Әдетте, бұл емтиханды штаттың Заңгерлер (адвокаттар) қауымдастығы штаттың Жоғарғы сотымен бірлесіп ұйымдастырады.
2015 жылғы шілдеден бастап 16 юрисдикцияға юрисдикцияға бөліктен тұратын Бірегейлендірілген адовкаттық емтихан енгізілді Uniform Bar Examination (UBE):
- Құқықтың 7 саласын қатмтитын, 200 сұрақтан тұратын кешенді тест (Multistate Bar Examination (MBE);
-Құқықтық әртүрлі саласы бойынша эссе дайындаумен кешенді жазбаша емтихан (Multistate Essay Examination (MEE);
-Кешенді практикалық тест (Multistate Performance Test (MPT), осы тесттің шеңберінде әрбір кандидат кәсіби тапсырманы орындауы тиіс. Қысқаша айтқанда кандидатқа талдау үшін іс (кейс), тапсырманы орындау үшін қажетті көздер (заңдар, преценденттер), сондай-ақ іске қатысы жоқ өзге де көздер беріледі.
4) Штаттың Заңгерлер (адвокаттар) қауымдастығынан жақсы моральдік сапаға ие болу туралы және заңгерлік практикаға жарамдылық туралы сертификат алу.
5) Заңгерлердің лицензиялауға уәкілетті мемлекеттік органға (штаттың органынан) өтінім беру, қажетті алымды төлеу. Мақұлдаған және лицензия берілген кезде, штатта заңгерлік практиканы жүзеге асыруды регламенттейтін қағидаларды сақтау туралы ант беріледі.
Штатта 2003 жылғы жағдай бойынша (қолжетімді көздерде бүгінгі күнге мәліметтер жоқ) елді практикаға жіберілген 1058662 заңгер болды, яғни 265 адамға 1 заңгер. Аталған санға соттардан бастап «кабинеттегі» немесе «ауыр» адвокаттарға дейін кәсібилікке мүше заңгерлердің адвокатура мұшесі болып табылатынының, заңгерлік білімінің барын және адвокаттық парктикамен айналысу құқығына бірдей патент алатының ықпал ететінін атап өту қажет.
Германияда адвокаттық қызмет Адвокаттар туралы 1959 жылғы Германияның Федералды заңымен реттеледі.
Адвокаттық қызмет:
- адвокаттық білімнің және адвокаттық палаталар қызметінің коммерциялық емес сипатымен;
-адвокаттардың жер платасына міндетті мүшелігімен сипатталады. Германияның Федералды палатасындағы жер палатасына мүше болу міндеттілігі.
Адвокаттар өз қызметін оны жүзеге асырудың сол немесе өзге нысаны арлықы іске асырады – ұжымдық немесе жалғыз ілікті. Ұжымдық нысандар жария құқықтың корпорациялары болып табылады.
Әрбір адвокат адвокаттық практикаға жіберілген жердің белгілі бір сотының немесе жердің жоғарғы сотының жанынан офис ашады. Басқа соттарда жұмыс істеуге рұқсат алуымүмкін, бірақ әділеттіліктің мүддесі үшін немесе ерекше жағдайда ған.
Адвокаттар алқасы аумақтық қағидат бойынша қалыптасады жәе бір округ шегінде сол бір жердің сотына бекітілген адовкаттарды біріктіреді.
Германияда бар барлық адвокаттар алқасы бірыңғай Федералды алқаны біріктіреді. Ол өз құрамына елдің 28 өңірлік палатасын қамтиды. Ерешке алқаны арнайы комиссия қатаң іріктеуден кейін ГФР Әділет министрлігінің шешімі бойынша Жоғарғы Федералды сотында іс жүргізуге жіберілген адвокаттар құрайды.
Басқарма Палатаның жалпы жиналысымен және президиумымен жүзеге асырылады. Аталған органдарға елдің Парламентіне (Бундестаг) ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу арқылы заңнамалық проуеске қатысу құқығы берілуі олардың ерекшеліктері болып табылады.
Гераминяда адвокаттардың және олардың қоғамдастықтарының қызметін бақылау құқығы мемлекет атынан жердің әділет министрлігі (басқарам) ретінде әділет органдарына берілгені жөніндегі фактінің атап өту қажет. Олардың өкілдерінің заң жоғары оқу орындарына қатысуымен қорытынды мемлекеттік емтихан өткізіледі. Әділет министрлігі емтихан бағдарламасын әзірлейді, емтихан билеттерін жасайды, әдістемелік құралдар шығарумен айналысады және етихан комиссиясын құрады. Ол алқа қызметін де бақылайды, оның келісімінсіз белгілі бір өңірдің (жердің) аумағында екінші адвокаттар алқасын қалыптастыру мүмкін емес.
Германияда адвокат мәртебесін алу емтиханы жоқ, алайды Германияда заңгер білімін аду процесі ең қиын білім алудың бірі болып саналады. Адвокаттық қызметпен айналысуға ниетті барлық үміткерлерге екі мемлекеттік емтихан тапсыру қажет.
Бірінші мемлекеттік емтихан заң факультетін аяқтағаннан кейін тапсырылады және екінші мемлекеттік етихан сот қызметімен айналысуға даярлық практикасын аяқтағаннан кейін тапсырылады. Бірінші емтиан мамандану саласын қамтиды, ал екіншісі міндетті пәндер бойынша сұрақтарды қосады.
Германия адвокаттарына мынадай кәсіби функциялар жүктелген:
1) заң сұрақтары бойынша кеңестер және консультациялық ақпараттар беру;
2) азаматтық процесте (сотта және соттан тыс органдарда) тараптар ретінде сөз сөйлейтін тұлғалардың өкілдіктерін жүзеге асыру;
3) сотта және (немесе) тергеу органдарында қылмыстық іс бойынша айыпталушыны немесе сотталушының құқығын қорғау. Қылмыстық процестің шеңберінде, адвокат жәбірленуші мүддесінің өкілі ретінде де сөз сөйлей алады;
4) клиентпен сенімгердің мүлкін басқаруға шарт жасасу құқығы;
5) жасалған шартқа сәйкес, заңгер консультанттың функцияларын орындау (§ 43 BRAO, Адвокаттар туралы федералдық ереже).
Федералдық заңда «Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауы тиіс. Өз кәсібі шеңберінде де және одан тыс ол адвокат ережесі талап ететін құрмет пен сенімге лайықты болуы тиіс» деген этикалық нормалар мен қағидаларға үлкен мән береді.
Адвокатура туралы Федералды заңның §45 сәйкес Германияда мынадай жағдайларда киенттің тапсырмасын қабылдауға тиым салынады:
- егер, одан талап етілетін әрекет адвокаттық қарызға (қызметке) қарама-қайшы болса;
- егер, бір іс бойынша кеңес берген және қарсы тараптың мүддесін ұсынған болса;
- егер, сол бір құқықтық дауға ол бұдан бұрын сот, үштік сот, прокурор, ресми мекеменің өкілі ретінде қатысқан болса;
- егер, дайындаған кезде ол нотариус ретінде немесе ол өз адвокаттық практикасында кооперацияланатын адвокат ретінде қатысқан құжатты талқылау туралы сөз болса.
Германияда адвокат қызметіне ақы төлеу заңмен бекітілген және адвокаттың талқылау, талап арыз, кеткен уақытын есерке алу сомасына қарай гонорары ғана емес, осы заңда белгіленген басқа да жағдайларға, олардың қиындығына және құқық саласына тиістілігіне, құқық практикасында үлгілік және жиі кездесетін қажетті шығындарға байланысты белгіленетін кестелері бар қосымшаны қамтитын көрсетілімі (RVV Rechtsanwaltsvergütungsverzeichnis) бар ережеге (RVG Rechtsanwaltsvergütungsgesetz) сәйкес есептеледі.
Адвокаттың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені ар-намыс соты қарайды.
Адвокатура туралы Федералды заңда адвокат үшін мынадай жауапкершіліктің түрлері белгіленген: заң бұзушылықтың алдын- алу, сөгіс, 25000 еуроға дейінгі мөлшерде айыппұл, бір жылдан бес жылға дейін адвокаттық қызметпен айналысуға тиым салу, адвокаттық мүшелік құрамынан шығару.
Францияда адвокаттардың құқықтық ережесі «Кейбір сот және заңгерлік кәсіптердің реформасы туралы» 1971 және 1990 жылдардағы Заңмен және «Адвокаттар кәсібін ұйымдастыру туралы» 1991 жылғы Декретпен реттеледі.
Соңғы 20 жылда Франция адвокатурасы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткеруде. 1971 жылғы 31 желтоқсандағы заң бойынша бірқатар адвокаттық кәсіптер (адвокат, сенімггер және коммерциялық соттардағы консультант-сарапшы) бірыңғай адвокаттық кәсіпке біріктірілді. 1992 жылы адвокатты және заңгер кеңесшіні жаңа және бірыңғай адвокаттық кәсіпке біріктіру болды.
Францияда «адвокат» термині атақты емес, практикадағы адамның кәсіби қызметінің түрін білдіреді. Сондықтан адвокат біліктілігі бар, бірақ адвокатурада жұмысын тоқтатқан кез-келген адам, құқықтың басқа саласында жұмысын жалғастырып жатса да, адвокат бола алмайды.
Қазіргі уақытта, сотта сөз сөйлеу құқығы бар адвокаттардың үш санаты бар: солиситорлар, барристтерлер және кеңес алдындағы барристерлер.
- Солиситорлардың бірінші инстанциядағы соттарда мүддені ұсыну құқығы бар.
- Барристерлердің – апелляциялық сотта.
- Кеңес алдындағы барристерлардың – кассациялық сотта және мемлекет кеңесінде мүддені ұсыну құқығы бар.
Адвокаттардың дербес жұмыс істеуге немесе басқа адвокаттармен серіктестік шартында бірігуге құқығы бар.
Қауымдастықтар және азаматтық-кәсіби серіктестік, серіктестіктің анағұрлым кең таралған дәстүрлі нысандары болып табылады. Қауымдастық – бұл әр қайсысы өз клиентінің алдында дербес жауап беретін адвокаттар бірлестігі. Қауымдастық мүшесінің құқығы жеке сипатқа ие және берілмейді. Қауымдастық мүшелері өздерінің дербестіктерін толық көлемде сақтайды. Қауымдастық құру туралы шарт Адвокаттар қауымдастығының кеңесіне жеткізіледі. Азаматтық-кәсіби серіктестік заңды тұлға ретінде тіркелуге жатады және адвокаттар қауымдастығының тізіміне енгізіледі. Серіктестік мүшелері оның қарыздары бойынша ортақ және толық жауап береді. Әрбір азаматтық-құқықтық серіктестіктің клиентурасы, жалпы айтқанда меншікке немесе серіктестіктің пайдалануына беріледі. Адвокат гонорар емес, жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес серіктестік түсімінен үлесін ғана ала- алады. Ағымдық және өндірістік шығындарға серіктестік жауапты болады.
Францияда адвокат басқа адвокаттан жалдау арқылы жұмыс істей алады.
Адвокаттар Францияда қауымдастыққа (орденге) біріктірілген. Әрбір сот өңірінде бір ғана қауымдастық бар. 181 өңірлік сот бар және сәйкесінше адвокаттық қауымдастықтардың саны да соншалық. Әрбір қауымдастық өз қызметінің ішкі регламентін жасайтын және өз мүлікне ие тәуелсіз, дербес ұйым болып табылады.
Қауымдастық мүшелерінің (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауысымен екі жыл мерзімге сайланған төрағасы (le Battonier) адвокаттар қауымдастығының басшысы болып табылады. Төраға құзыретіне қауымдастықтың мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар алдындағы мүддесін ұсыну, адвокаттар арасындағы дауларды шешу, қауымдастық адвокаттарына тәртіптік жаза қолдану, қауымдастық қызметтеріне басшылық ету кіреді, ол қауымдастық кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қауымдастық кеңесін (conseil de l’ordre) қауымдастық мүшелері (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауыс берумен үш жыл серзімге сайлайды. Қауымдастық кеңесінің құзыретіне қауымдастық қызметінің әртүрлі саласын басқару кіреді.
Франция адвокатурасы ұлттық деңгейде қауымдастық мүшелері сайлайтын адовкаттар қауымдастығының кеңесімен ұсынылған.
Францияның адвокаттар қауымдастығының негізгі қызметі адвокаттарды даярлау жөніндегі оқу орталықтарын үйлестіру, адовкаттар қоғамдастығын мемлекеттік органдар мен қоғам алдына ұсыну болып табылады. Сондай-ақ, адвокаттар қауымдастығының барлық кәсіптер үшін, тәртіптік және этикалық нормалар жасауға құқығы бар.
Адвокаттарға қойылатын біліктілік талаптары 1971 жылғы 31 желтоқсандағы № 71-1130 заңның 11-бабында белгіленген:
– франция азаматтығының, не ЕО-мүше мемлекеттердің не еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісім тарапы мемлекетінің азаматы болуы (1971 жылғы 31 желтоқсандағы № 71-1130 заңның 6-бабы), не ЕО мүше немесе еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісім тарапы болып табылмаса да, бірақ Еуропалық экономикалық одақтың мемлекеттері мен теңіз жағалауы аумақтарының топтарына қатысты ЕО Кеңесінің шешімін ескере отырып, оның азаматтары Франция аумағында кәсіби қызметтерін жүзеге асары алады деген шарт бойынша француздарға өз аумағында кәсіби қызметін жүзеге асыруға құқық берген мемлекеттің немесе аумақтық бірліктің азаматтығының болуы, не Францияның босқындар мен апатриодтарды қорғау бюросының қорғауындағы босқын немесе апатрид мәртебесінің болуы;
– 1 дәрежедегі құқық мастері дипломының немесе осы дипломға эквивалиентті дипломының болуы;
– Адвокат мәрбетесін беру туралы сертификаттың болуы (le Certificat d’aptitude `а la profession d’avocat CAPA);
– ар-намысқа, әдептілікке немесе адамгершілікке қарама-қайшы болатын іс жасағаны үшін қылмыстық салдарға негіз беретін іс-қимыл субъектісі болып табылмау;
– жұмыстан шығару, мүшеліктен алып тастау, тіркеуді немесе лицензияны кері шақырту, жою түрінде тәртіптік немесе әкімшілік санкцияларды қолдану үшін негіз беретін іс-қимыл субъекісі болып табылмау;
– банкроттық рәсімге немесе ұйымды қайта ұйымдастыруға немесе сот тәртібінде таратуға қатысты 1985 жылғы 25 қаңтардағы №8598 Заңның VI тарауында көзделген өзге санкцияларға, немесе аталған заңның бұрынғы редакциясына сәйкес, сот рәсімі туралы 1967 жылғы 13 шілдедегі № 67563 Заңның II тарауында көзделген, мүлікті тарату, жағдайдың болмауы және банкроттық санкцияларына ұшырамау.
Адвокаттық палатаның мүшесі болып табылмайтын адам, адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы емес. Заңнамада берілген талаптарға сәйкес келетін адам, адвокаттық палатаға мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылдайтын кеңеске өтініш береді. Егер, адам орналасуы тиіс үлкен инстанция сотының сот округі шегінде кабинетке арналған үй-жайға ие болмаса, адвокаттарға қойылатын моральді-этикалық және өзге де талаптарға сәйкес келмесе, Кеңес ол адамды палатаға мүшелікке қабылдаудан бас тарта алады.
1991 жылғы Адвокат кәсібін ұйымдастыру туралы Француз Заңы, оның азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды көздейді (205, 206-баптар). Сақтандыру шарты нақты бір адвокатпен, адвокаттар тобымен немесе адвокаттық ұйыммен жасалуы мүмкін. Заңда сақтандырудың екінші түрі де көзделген – адвокаттың клиентке тиесілі (немесе сол нақты адамдікі болып табылатын) және кәсіби міндеттерін орындауға байланысты адвокатта болған құндылықтарды, мүлікті және құжаттарды адвокаттың жоғалту қаупі (207, 208-баптар). Сақтандырудың осы екінші түріне қолдану реті Заңда клиенттің сақтандыру өтемін алу тәртібін белгілейді. Ол егер, адвокат ақы төлеуге қауқарсыз болғанда төленеді, ол адвокаттың хабарлама алған күннен бастап бір айдың ішінде құндылықтарды қайтару немесе шығындарды өтеу туралы клиент талаптарын адвокаттың орындамағанын куәландырады.
Француз адвокатурасы үшін кәсіби этика және адвокаттың кәсіби құпиясы толассыз ағын болып табылады.
Кәсіби этика қағидасы Францияның адвокаттар палатасының ұлттық кеңесі қабылдаған Ұлттық ішкі регламентте, сондай-ақ адвокаттардың өңірлік палаталары қабылдаған ішкі регламенттермен бекітілген.
Адвокаттың кәсіби этикасы қағидалары заңдарда бекітілген (адвокаттың антын қоса алғанда «Кейбір сот және заңгерлік кәсіптердің реформасы туралы» 1971 жылғы 31 желтоқсандағы Заңда және «Адвокаттар кәсібін ұйымдастыру туралы» 1991 жылғы 27 қарашадағы Декретте). Адвокаттың кәсіби этикасымен байланысты кейбір нормалар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстерінде жазылған. Үкіметтің қаулыса да адвокаттардың кәсіби мінез-құлқы қағидаларын бекітеді.
Бұдан басқа, адвокаттық этика қағидалары, жалпы еуропалық деңгейде реттелген. 1988 жылы ұсынымдық сипатқа ие Адвокаттың кәсіби этикасының Еуропалық кодексі қабылданды.
Адвокат кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде, қолданыстағы заңнамадарды, атап айтқанда адвокаттардың кәсіби этикасы кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған кодекс адвокат ұстануы тиіс бірнеше қағидаттарды қамтиды: сыртқы ықпалдардан және оның кәсіби қызметіне керағар болатын өз мүддесінен тәуелсіз; кәсіби құпия; адвокаттар арасындағы вербальді және жазбаша байланыстың құпиялылығы; заңгерлік көмек көрсетуге немесе мүддесі қарама-қайшы болуы мүмкін екі сенімгердің мүддесін қорғауды жүзеге асыруға тиым салатын мүдделер қақтығысының қағидасы.
Келтірілген қағидаттарды бұзғаны үшін адвокат тиісті адвокаттар алқасының тәртіптік жауапкершілігіне тартылуы мүмкін.
Адовкаттың кәсібі тәуелсіз заңға жатқызылғандықтан, адвокаттың және оның клиентінің қаржылық қатынасына араласу шектеулі. Адвокат пен клиенттің арасындағы өзара қарым-қатынас ерікті мәміле болып табылады. «Адвокаттар мәртебесі туралы» Заңның 10-бабы бойынша, азаматтық іс жүргізу құжаттарын жасағаны және іс жүргізу қызметтеріне қатысқаны үшін тарифтер, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен белгіленеді деп көзделген. Консультацияға, сотта көмекке, кеңес беруге, куәлік етуді және қақтығыстарда сөз сөйлеуді талап етпейтін құжаттар дайындауға арналған гонорарлар клиентпен келісім бойынша белгіленеді.
Соңғысымен келісім болмаған кезде, гонорар әдетте клиенттің материалдық жағдайына, істің қиындығына, адвокаттың шығынына және т.б. қарай белгіленеді. Алайда, негізгі гонорарға клиент үшін сот шешімі оң болған жағдайда, қосымша төлем төлеуге тиым салынбайды.
Алвокат пен клиенттің арасындағы гонорарға қатысты дауларды адвокаттар қауымдастығының басшысы шешеді.
Адвокаттар халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуге жұмыс уақытының бір бөлігін бөледі.
«Адвокаттық қызмет туралы» Грузия Заңның 21-бабында мынадай ант көзделген: «Әділетті ойларға адал болуға, адвокат қызметін ерікті және адал орындауға, Грузия Констиутциясы мен заңдарын, кәсіби этика, адам құқығы мен бостандығы кодексін орындауға ант етемін». Егер, адам өзінің идеологиясы негізінде ант беруден бас тартса, онда ол анттың орнына адвокат міндетін заңда белгіленгендей ерікті орындауға тиіс екенін растай отырып, өтініш жазады. Ант бергеннен кейін (актіге қол қойғаннан кейін) адам адвокат мәртебесін және адвокаттық практикамен айналысу құқығын растайтын куәлік алады.
«Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Украина Заңының 11-бабында мынадай ант бекітілген: «Мен, (аты және тегі) өзімнің адвокаттық қызметінде құқықтың, заңдылықтың жоғары қағидаттарын, тәуілсіздікті және құпиялылықты, адвокаттық этика қағидаларын ұстана отырып, қорғауға адал да әділ құқықты қамтамасыз етуге және Украина Конституциясына және Украина заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетуге, өзіме жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауға, антыма берік болуға салтанатты түрде ант етемін».
Украина, Молдова, АҚШ сияқты елдерде кіру жарналары көзделмеген. «Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Украина Заңында адвокаттық өзін-өзі басқаруды іске асыруды қамтамасыз етуге арналған адвокаттардың жыл сайынғы жарналары ғана көзделген.
«Беларусь Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Беларусь Республикасының заңында да кіру жарналары көзделмеген, адвокаттардың аумақтық алқасын ұстауға арналған жарналар ғана көзделген.
 
Заңгерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары
Заңгерлік көмек көрсетудің өзін-өзі реттейтін субъектілері ұйымдастырудың әртүрлі нысаны бар әлемде кең таралған практика болып табылады.
Франция адвокаттары қауымдастыққа (орденге) біріктірілген. Әрбір сот өңірінде бір ғана қауымдастық бар. Францияда барлығы 181адвокаттық қауымдастық бар. Қауымдастықтар өзінің сандық құрамына қарай әртүрлі. Осылайша, ең аз болып 7 барристер ғана есептеледі, ал ең ірісі – 11 мың. Әрбір қауымдастық өз қызметінің ішкі регламентін жасайтын және өз мүлікне ие тәуелсіз, дербес ұйым болып қалады. Қауымдастық мүшелерінің (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауысымен екі жыл мерзімге сайланған төраға (le Battonier) адвокаттар қауымдастығының басы болып табылады. Төраға құзыретіне қауымдастықтың мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар алдындағы мүддесін ұсыну, адвокаттар арасындағы дауларды шешу, қауымдастық адвокаттарына тәртіптік жаза қолдану, қауымдастық қызметтеріне басшылық ету кіреді; ол қауымдастық кеңесінің төрағасы болып табылады.
Франция адвокатурасы ұлттық деңгейде қауымдастық мүшелері сайлайтын адовкаттар қауымдастығының кеңесімен ұсынылған. Францияның адвокаттар қауымдастығының негізгі қызметі адовкаттарды даярлау жөніндегі оқу орталықтарын үйлестіру, адовкаттар қоғамдастығын мемлекеттік органдар мен қоғам алдын ұсыну болып табылады. Сондай-ақ, адвокаттар қауымдастығының барлық кәсіптер үшін тәртіптік және этикалық нормалар жасауға құқығы бар.
Адвокаттардың дербес жұмыс істеуге немесе басқа адвокаттармен серіктестік шартында бірігуге құқығы бар.
Германия адвокатурасы аумақтық қағидат бойынша қалыптасатын алқадан тұрады. Алқадағы практикалық адвокаттардың саны 500 адамнан аспауы тиіс, әйтпесе аталған округтің аумағындаӘділет министрлігінің келісімі бойынвша екінші алқа қалыптасуы мүмкін.
Адвокаттар өздерінің гонорарынан белгілі бір пайызлы арнайы әлеуметтік қамтамасыз ету қорына аудары тиіс, онда қаражат адвокаттардың өздерінің және олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктеріне жұмсалады.
Германияда адвокатура қызметінің барлық мәселелері нормативті-заңды рұқсат алды.
Германия адвокаттары этикалық емес немесе кәсіби емес мінез-құлықтарымен клиент мүддесіне келтірген зияны үшін жауапты болады.
АҚШ-та заңгерлер қауымдастығының екі түрі бар.
Қауымдастыққа мүшелік міндетті (mandatory, unified, or integrated bar).
32 штат және Колумбия округі адвокаттық практикамен айналысу үшін штат қауымдастығына мүшелікті талап етеді. Мысалы Техас штатының Заңгерлер қауымдастығы (State Bar of Texas) Техас Жоғарғы Сотының әкімшілік бақылауында және штат аумағында заңгерлік қызметті практикалауға лицензиясы бар адамдар тұрады. Техас платасының заңгерлер қауымдастығында дербес мүшелік қағидаты бар. Басқа мысал – Калифорния штатының қауымдастығы.
Ерікті мүшелігі бар қауымдастық (Voluntary and private bar associations).
Заңгерлердің жеке ұйымы болып табылады. Ұйымның әр қайсысында білім беру функциясы бар, бірақ заңгерлік практика аспектілерін немесе заңгерлердің қызметпен айналысу құқығын реттеймейді.
Міндетті заңгерлер қауымдастығы көзделмеген әрбір 18 штатта ерікті мүшелігі бар қауымдастық бар. Географиялық қағидат бойынша, құқықтың мүдделі қағидаты бойынша (Chicago Bar Association) не этикалық тиістілік қағидаты бойынша (Hispanic National Bar Association) ұйымдастырылатын қауымдастықтар бар.
Америкадағы Заңгерлердің қауымдастығы (бұдан әрі – АЗҚ) АҚШ-тағы ерікті мүшелігі бар ірі қауымдастық болып табылады.
АЗҚ қызметіне ұжымдық мүшелік құқығында заңгерлердің шамамен 35 мамандандырылған ұйымы қатысады (мысалы, Соттар қоғамы, Генералды аттонерлердің ұлттық қауымдастығы, Қылмыстық істер бойынша адвокаттардың ұлттық ақуымдастығы, Әйел-адвокаттардың ұлттық қауымдастығы).
АЗҚ-ға мүшелік мүшеліктің әртүрлі санаттары арқылы барлық адамдар үшін ашық: лицензияланған адвокаттар, шетелдік адвокаттар және АҚШ-та лицензия алмаған заңгерлер, заң факультетінің студенттері (заң мектептерінде, аккредиттелген АЗҚ-та оқитын оқушалыр), осы салаға қызығушылық танытқан заңгер еместер (экономистер, заң әдебиеттері бөлімдеріндегі кітапханашылар).
АЗҚ-та ұсынымдық сипатқа ие кәсіби этика қағидалары қабылданған. Аталған қағидаларды Калифорния штатын қоспағанда барлық штаттар қабылдады. Мүшелік ақылы болып тбылады, жарна мөлшері еңбек өтіліне байланысты.
Швецияда адвокаттар қауымдастығы Іс жүргізу кодексімен (Code of Judicial Procedure) және үкімет бекіткен дербес Жарғысымен реттеледі. Қауымдастық мүшелері ғана адвокат атағына ие болады. Қауымдастық мақсаты - заңгерлік кәсіпте жоғары этикалық және кәсіби стандарттарды ұстану, өз мүшелерінің жалпы кәсіби мүдделерін қорғау және мүшелер арасындағы бірлік пен консенсусты сақтау болып табылатын жеке құқық шеңберіндегі қауымдастық болып табылады.
Нидерланды Заңгерлерінің қауымдастығы (Nederlandse orde van advocaten, NOVA) заңгерлердің кәсіби ұйымы болып табылады.
NOVA Адвокаттар туралы 1952 жылғы 1 қазандағы заңмен (Advocatenwet) құрылған. NOVA жұмсаған барлық шығыстарды адвокаттар жыл сайынғы мүшелік жарна салу арқылы төлейді.
Нидерланды юрисдикция соттарына сәйкес, он бір сот окургтеріне (өңірлеріне) бөлінген. Адвокаттар сот округінде кеңес пен төраға басқаратын жергілікті қауымдастық құрады. Жергілікті алқа сот округіндегі барлық адвокаттарды қадағалауға жауап береді.
 
11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар
Осы заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден шығындарға әкелмейді.
 
 
1 Г.Ж. Сулейменова, Зарубежный опыт предоставления и оказания субсидируемой государством юридической помощи
9 В.А.Власихин,Юридическая профессия и юридическое образование в США
12 https://www.americanbar.org/groups/pro bono_public_service/policy/aba_model_rule_6_1.html
19 ABA Model Rule for Continuing Legal Education 1989 https://www.americanbar.org/content/dam/aba/administrative/cle/aba_model...
22 “Pro Bone Practices and Opportunities in France”. Excerpt from: a survey of pro bono practices and opportunities in selected jurisdictions. Latham & Watkins LLP for the Pro Bono Institute. September, 2010. URL:https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&ved=0ahU...
23 “Pro Bone Practices and Opportunities in Italy”. Excerpt from: a survey of probono practices and opportunities in selected jurisdictions. Latham & Watkins LLP for the Pro Bono Institute. September, 2010. URL:https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&ved=0ahU...
24 Pro Bone Practices and Opportunities in Israel”. Excerpt from: a survey of pro bono practices and opportunities in selected jurisdictions. Latham & Watkins LLP for the Pro Bono Institute. September, 2010. URL:https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=2&cad=rja&...
25 Virginia rules of professional conduct http://www.vsb.org/docs/2009-10-pg-rpc.pdf
26 Стрэнг Р. Практика страхования профессиональной ответственности адвокатов в США // Вестник адвокатской палаты Иркутской области. 2006. № 10.
27 Кратенко М. В. Страхование профессиональной ответственности адвоката // Право и экономика. 2004.№ 10. С. 83.
ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon Құжатты жүктеу309 KB