-A A +A

Әділет министрлері

ОРАЗҒАЛИ БОРАЕВ
1898 жылдың 25 желтоқсанында Қазалы уезіндегі Заңғар болысының № 2 аулында дүниеге келген. Қазақтарға арналған орыс мектебін бітіріп, 1918 жылдың соңында Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын курсқа түседі. Мұндағы оқуын тамамдаған О. Бораев Қазалы қаласына оралып, мектепке мұғалімдікке орналасады. Кейін халық ағарту бөлімінде балалар коммунасының нұсқаушысы болып істейді.
1920 жылдың сәуірінде өзінің сұрануымен ол Орынбор қаласындағы командалық атты әскерлер курсына түсіп, оны 1921 жылдың қарашасында бітіріп шығады.
1924 – 1926 жылдары Ташкентте мемлекеттік мүлік бөлімінің меңгерушісі, Шымкентте облыстық жер басқармасының бастығы, Әулиеатада уездік атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарады.
1926 жылы Қызылорда қаласында «Казмясопродукт» басқармасының төрағасы қызметінде жүрген О. Бораевті Өлкелік партия комитеті Көкшетау уезі атқару комитетінің басшылығына жібереді. 1928 жылы Қазақстанда округтердің құрылуы барысында тағы да партияның шешімімен Петропавл округі атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына ауыстырылады.
1930 жылдың басында О. Бораев Өлкелік партия комитетінің жолдамасымен Мәскеуге аттанады. 1933 жылы Бүкілодақтық жоспарлау академиясының ауылшаруашылығы факультетін бітіріп, Алматыға оралған ол жер ісі комиссарының орынбасарлығына бекітіледі. 1934 жылдың ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы жер басқармасының бастығы болып Шымкентке барады. 1935 жылдың 12 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің сауда бөлімінің басшысы болады. 1936 жылдың 17 тамызында Юстиция халық комиссары болып тағайындалады.
О. Бораев басшылыққа келген кездегі республика өміріндегі айтулы оқиғаның бірі – 1936 жылдың 5 желтоқсанында еліміздің автономиялық республикадан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып жариялануы еді. Осыған орай Конституциямыздың жаңа жобасы жасалып, 1937 жылдың 26 наурызында Бүкілқазақстандық Кеңестер съезінде біржола мақұлданды.
ІІХК-ның (НКВД) іс-әрекетіне ашық наразылық білдірген О. Бораев көп ұзамай 1937 жылдың 4 қазанында тұтқындалып «халық жауы» атанды. Сөйтіп ҚСРО Жоғарғы Сотының үкімімен 1938 жылдың 26 ақпанында атылды.
Оразғали Бораев 1959 жылдың 29 қаңтарында толық ақталды.
 
БАЙМҰХАМЕТ ШАҒЫРОВ
1902 жылдың 22 тамызында бұрынғы Жетісу облысы Қапал уезінде (қазіргі Алматы облысының Көксу ауданы) дүниеге келген. 1918 – 1919 жылдары Күшік ревкомының хатшысы және мүшесі болады.
Б. Шағыров 1925 жылы ВКП (б) жанындағы уездік партия комитеттерінің хатшыларына арналған бір жылдық курсқа жіберіледі. Курсты ойдағыдай аяқтаған ол 1926 – 1928 жылдары Лепсі уездік партия комитетінің ұлт және насихат бөлімін басқарады. Сосын партияның тапсырмасымен «Қосшы одағын» нығайтуға жіберіледі.
1928 – 1930 жылдары Малайсары, Еңбекші қазақ, Қазтал, Қарабалық аудандық партия комитеттерінің (Алматы, Қостанай, Орал округтері) хатшысы болады. Содан соң Орал қаласында аймақтық жер бөлімін, жұмысшы-шаруалар инспекциясының тексеру комиссиясын басқарады.
1928 – 1930 жылдары Б. Шағыров Алматы қой шаруашылығы тресінің саяси бөлімінде алғаш комсомол жұмыстары бойынша көмекші, сосын партиялық-көпшілік жұмыстары бойынша нұсқаушы болып істейді.. 1936 жылдың соңында ол Алматы қаласы Совет аудандық, ал кейінірек Фрунзе аудандық партия комитетінің хатшылығына, 1937 жылдың маусымынан Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшылығына бекітіледі. Б. Шағыров, сол жылдың қазан айында Юстиция халық комиссары болып тағайындалады. Сондай-ақ ол сол жылы 1 шақырылған ҚазақҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына және ҚСРО Жоғарғы Сотының мүшелігіне сайланады.
1937 жылдың 20 қарашасында өткізілген Юстиция халкоматының кеңесінде сала қызметкерлерінің «халық жауларын» іздеп табудағы «табансыздығы» арнайы әңгіме болды. Әрине, мұның соңы сот-прокуротура қызметкерлерін де жаппай жазалауға апарып соқтырды. Көп кешікпей Б. Шағыровтың өзі де қызметінен алынып ұзақ жылдар әуре -сарсаңға түседі. ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысы негізінде Б. Шағыровтың ісі 1953 жылыдың 30 желтоқсанында тоқтатылып, толығымен ақталды. Сөйтіп 1954 жылдың 7 қыркүйегінде ол қайтадан партия қатарына қабылданды.
1954 жылғы қазаннан 1962 жылға дейін «Қазаққорғасынбарлау» комбинатының құрлыс басқармасында, ҚазҚСР Министрлер Кеңесінің шаруашылық басқармасында кадрлар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.
Б. Шағыров 1956 жылдан бастап Одақтық дәрежедегі зейнеткер.
1957 жылы Отанына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
 
МЫРЗАҚАДЫР НҰРБАЕВ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Махтаарал ауданында 1902 жылы туылды, жоғары заң білімі бар.
1930 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм аудандық тұтынушылар одағының есепшісі.
1931 ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм аудандық комсомол және партия комитеттерінің хатшысы.
1931 – 1933 жж. – РККА-ның қызылармяшы-көшіріп жазушысы. Алматы.
1933 – 1934 жж. – совхоздың жұмысшылар кооперативі басқармасының мүшесі. Пахтаарал ауданы.
1934 ж – Оңтүстік Қазақстан облысы Пахтаарал аудандық прокуратураның тергеушісі, Пахтаарал ауданындағы Каучук совхозы жұмысшылар комитетінің тергеушісі.
1934 – 1935 жж. – Пахтаарал аудандық қаржы бөлімінің нұсқаушысы.
1935 ж. – Пахтаарал аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
1936 ж. – Пахтаарал аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1936 – 1937 жж. – Иржар МТС директорының орынбасары
1937 ж. – ЮХК заң курстарының курсанты. Алматы.
1937 – 1939 жж. Бүкілодақтық құқық академиясының тыңдаушысы. Москва.
1939 – 1940 жж. ҚСРО ішкі істер халық комиссариатының қызметкері. Алматы.
1941 – 1943 жж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы сотының төрағасы. Алматы.
1943 – 1952 жж. – Қазақ ҚСР Юстиция Нарком-министрі, 1948 жылғы 12 наурызда Алматы заң институты Кеңесінің мүшесі болып бекітілді. Алматы.
Наградалары
1945 ж. – «Еңбек қызыл ту» және «Құрмет белгісі» ордендері, «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалі.
 
ҚЫЛЫШБАЙ СҰЛТАНҰЛЫ СҰЛТАНОВ
Ақтөбе облысы, Темір ауданында 1905 жылы 5 қаңтарда туылды, жоғары заң білімі бар.
1917 – 1923 жж. – байдың жалшысы.
1923 – 1926 жж. – Ходжа-Дәулет станциясы жол қызметінің қара жұмысшысы.
1927 – 1928 жж. – Түркімен кооперативтік ақша құйма жылу станциясының жүкшісі.
1928 – 1929 жж. Қазанжық станциясы жол қызметінің қара жұмысшысы.
1929 – 1932 жж. Қазанжық станциясы қозғалыс қызметінің бас кондукторы.
1932 ж. – КомВУЗ жанындағы партактив курстарының тыңдаушысы. Ашхабад қаласы.
1932 – 1935 жж. – Құқық академиясы жанындағы ВАК тыңдаушысы. Москва.
1939 – 1940 жж. – Түркімен ҚСР-і прокурорының аға көмекшісі. Ашхабад.
1940 – 1946 жж. – Шаржау облыстық прокуроры. Шаржау қаласы.
1943 – 1948 жж. – Заң институтын сырттай оқыды.
1946 – 1948 жж. – Түркімен ҚСР прокурорының тергеу істері жөніндегі орынбасары. Ашхабад.
1948 – 1952 жж. – Қазақ ҚСР прокурорының орынбасары. Алматы.
1949 ж. – «Юстицияның ІІІ сыныпты мемлекеттік кеңесшісі» атағы берілді.
1952 – 1960 жж. – Қазақ ҚСР Юстиция министрі. Алматы.
1960 – 1963 жж. – НИИСЭ директорының орынбасары. Алматы.
1963 ж. – Қазақ ҚСР Министрлер кеңесі жанындағы Заң комиссиясының төрағасы. Алматы.
Наградалары
1942 ж. – Түркімен ҚСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Құрмет грамотасы.
1945 ж. – «Еңбек Қызыл Ту» ордені.
1947 ж. – «Қызыл Жұлдыз» ордені.
1956 ж. – «Құрмет Белгісі» ордені.
«1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін»
«Тың жерлерді игергені үшін» медальдары.
1960 ж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Құрмет грамотасы.
 
БЕКАЙДАР ЖҮСІПОВ
Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында 1920 жылы 25 қазанда туылды, жоғары заң білімі бар.
1933 – 1939 жж. – Қызылорда қаласындағы темір жол қатынасы техникумының студенті.
1939 – 1940 жж. – Қазақстан компартиясы Қызылорда қалалық комитетінің іс басқарушысы.
1940 – 1941 жж. – Кеңес армиясы қатарында қызмет етті, әскери-саяси ушилищенің курсанты.
1941 – 1942 жж. – саптағы армияның 950 атқыштар полкі ротасының саяси жетекшісі.
1942 ж. – Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі.
1942 – 1944 жж. – Алматы облыстық прокурорының көмекшісі.
1944 – 1947 жж. – Талдықорған облыстық прокурорының орынбасары.
1947 – 1950 жж. – Қазақ ҚСР Прокурорының бірінші орынбасары.
1962 – 1970 жж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы Сотының төрағасы.
1970 – 1984 жж. – Қазақ ҚСР Юстиция министрі.
Наградалары
1967 ж. – «Еңбек қызыл ту» ордені.
1970 ж. – «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесі құрметіне ерлік еңбегі үшін» медалі.
1971 ж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
1971 ж. – Қазақ ҚСР «Еңбек сіңірген заңгері» атағы.
1981 ж. – «Халықтар достығы» ордені.
1982 ж. – Юстиция министрлігінің «Жұмыстағы табысы үшін» белгісі.
 
ДОЛДА ДОСПОЛОВ
Семей облысы Жарма ауданы Жалғызтөбе станциясында 1930 жылы шаруа отбасында туылды, жоғары заң білімі бар.
Еңбек жолын 1950 жылы Семей облыстық прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Семей облысы Жаңасемей ауданының Прокуроры, Қазақ ҚСР прокуротурасы жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры, Целиноград облысы прокурорының аға көмекшісі болды.
1972 – 1975 жж. – Гурев облысының прокуроры.
1975 – 1980 жж. – Қазақстан Компартиясы ОК әкімшілік органдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1980 – 1981 жж. – Қазақ ҚСР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
1984 жылдың қыркүйегінен – 1990 жылдың мамырына дейін – Қазақ ҚСР Әділет министрі.
Наградалары
1957 ж. – «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі.
1967 ж. – «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі
1970 ж. – «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесі құрметіне ерлік еңбегі үшін» медалі.
1980 ж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
1986 ж. – «Құрмет белгісі» ордені.
 
ҒАЛИХАН НҰРМҰХАНБЕТҰЛЫ ЕРЖАНОВ
Қостанай облысы Камышин ауданының Краснооктябрь поселкесінде 1938 жылы туылды, жоғары заң білімі бар.
Өзінің еңбек жолын 1956 жылы шофер болудан бастады. 1958 жылғы қарашада Кеңес армиясы қатарына шақырылды. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсті.
1964 ж. – прокурордың көмекшісі.
1968 ж. – Камышин ауданының прокуроры.
1976 ж. – Рудный қаласының прокуроры.
1977 ж. – Қостанай облыстық соты төрағасының орынбасары.
1982 ж. – Қостанай облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің бастығы.
1990 – 1993 жж. – Қазақ ҚСР Әділет министрі.
Наградалары
«В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесі құрметіне ерлік еңбегі үшін» медалі.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері» атағы.
«Еңбек ардагері» медалі.
«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі.
 
НАҒАШБАЙ АМАНҒАЛИҰЛЫ ШӘЙКЕНОВ
Орынбор облысы Ново-Орск ауданындағы 216 разъезде 1947 жылы 6 наурызда туылды.
Свердловск заң институтын бітірген, заңгер, заң ғылымының докторы.
Еңбек жолын 1965 жылы Оңтүстік-Уралск темір жолында жұмысшы, монтер болудан бастады. 1965-1970 жж. армия қатарында қызмет етті.
1974 -1977 жж. – Свердловск заң институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
1977 - 1987 жж. – Свердловск заң институтының аспиранты, оқытушысы, доценті.
1987 – 1988 жж. – ҚСРО ҒА Экономика институтының Орал бөлімінің аға ғылыми қызметкері.
1987 – 1992 жж. – ҚСРО ҒА Философия және құқық институтының Орал бөлімінің адам құқықтары бөлімінің аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі.
1992 жылғы маусым айы мен қазан айы аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғарғы Экономикалық Кеңестің Экономикалық консультанттар Кеңесі жетекшісінің орынбасары.
1992 – 1993 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
1993 ж. маусымы – 1995 ж. қазаны – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
1995 ж. шілдесі – 1996 ж. қарашасы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. Бірыңғай құқықтық саясат және құқықтық реформа жүргізу мәселелерімен айналысты.
1996 жылғы 6 қарашадан Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры.
 
КОНСТАНТИН АНАТОЛЬЕВИЧ КОЛПАКОВ
Свердлов облысы Нижный Тагил қаласында 1963 жылы туылды.
С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін. Заңгер, заң ғылымының кандидаты.
1985 ж. – Қазақ ҚСР юстиция министрлігінің адвокатура бөлімінде консультант.
1985 – 1989 жж. – ҚазМУ-дің аспиранты, асисенті.
1989 – 1990 жж. – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология бөлімінің лекторы.
1990 – 1991 жж. – Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің консультанты, заң құқықтық сараптау мен талдау мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі.
1991 – 1994 жж. – Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің көмекшісі, секретариатының меңгерушісі.
1994 – 1995 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі жеке өкілі.
1995 – 1997 жж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
1997 ж. Қарашасынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
 
БАУЫРЖАН ӘЛІМҰЛЫ МҰХАМЕДЖАНОВ
1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысының Мерке селосында туылған.
С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін. Зңгер, заң ғылымының кандидаты.
1983-1990 жж. – сынақ мерзімін өтеуші зерттеуші, ҚазМУ-дің оқытушысы.
1990-1994 жж. – Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, секретариат меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі.
1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заң және құқықтық сараптау мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі.
1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы. Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі.
1997 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
 
ИГОРЬ ИВАНОВИЧ РОГОВ
1950 жылы 17 мамырда Әзербайжан Республикасы Баку қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер, Заң ғылымының докторы, профессор.
09.1967 – 06.1968 жж. – Қазақ ССР Алматы ағаш өңдеу комбинатының станочнигі.
08.1968 – 07.1973 жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ студенті.
04.1973 – 04.1975 жж. – Қазақ ССР Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.
04.1975 – 05.1990 жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің ассисенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, заң факультетінің деканы.
05.1990 – 01.1991 жж. – Қазақ ССР Президенті Кеңсесінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің консультанты.
01.1991 – 08.1991 жж. – Қазақ ССР Президенті Аппараты Мемлекеттік-құқық рефентурасының аға референті.
08.1991 – 04.1992 жж. – Қазақ ССР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті Мемлекеттік-құқық рефентурасының аға референті.
04.1992 – 07.1992 жж. – Қазақ ССР Президенті Аппараты және Министрлер Кабинеті Мемлекеттік-құқық бөлімі құқық қоғау секторының меңгерушісі.
07.1992 – 09.1995 жж. – Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары.
09.1995 – 04.1997 жж. – Қазақстан Республикасы Прездентінің көмекшісі.
04.1997 – 09.2000 жж. – Қазақстан Республикасы Прездентінің кеңесшісі.
03.1999 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің төрағасы.
09.2000 – 29.01.2002 жж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Наградалары 2 медаль;
1999 ж. – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы.
 
ГЕОРГИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ КИМ
1953 жылы 11 мамырда Алматы қаласында туған.
1974 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымының кандидаты.
01.10.1970 – 02.06.1990 жж. – Ішкі істер органында 19 жыл 6 ай үзіліссіз (СССР ІІМ Қарағанды Жоғарғы мектебінде) қызмет істеді.
02.06.1990 – 01.01.1991 жж. – Қазақ ССР Президент Аппаратының Қазақ ССР Президент Кеңесінің Кеңесшісі.
01.01.1991 – 01.07.1991 жж. – Қазақ ССР Президент Аппаратының Мемлекеттік-құқықтық рефентурасының Аға референті.
01.01.1991 – 01.07.1991 жж. – Қазақ ССР Президент Аппаратының және Қазақ ССР Министрлер кабинетінің Мемлекеттік-құқықтық рефентурасының Аға референті.
02.07.1992 – 05.07.1995 жж. – Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының Судьясы.
30.06.1995 – 18.03.1997 жж. – Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
23.05.1997 – 17.11.1997 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
10.11.1997 – 16.04.1998 жж.- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі.
16.04.1998 – 01.12.1999 жж.- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
11.02.2000 – 17.02.2001 жж.- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. Вице-Министр.
17.02.2001 – 29.01.2002 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы.
29.01.2002 – 02.2003 жж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
Наградалары
1980 ж. - «Мінсіз қызметі үшін» медалі 3 дәрежесі.
1980 ж. - «Мінсіз қызметі үшін» медалі 2 дәрежесі.
 
ОҢАЛСЫН ИСЛАМҰЛЫ ЖҰМАБЕКОВ
1948 жылғы 9 қарашада Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қызыл-Орақ қолхозында туған.
1974 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы-заңгер.
Еңбек жолы:
09.1966-06.1969 жж. Талдықорған облысы Ақсу ауданы «Жаңақоғам» совхозының жұмысшысы.
07.1974-02.1980 жж. Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының тергеушісі.
12.1980-07.1983 жж. Қазақ ССР прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі.
07.1983-12. 1985 жж. Алматы қаласы прокуратурасы Фрунзе ауданының прокуроры.
12.1985-11.1990 жж. Алматы облысы прокурорының орынбасары.
11.1990-03.1994 жж. Маңғыстау облысының прокуроры.
03.1994-12.1996 жж. Алматы облысының прокуроры.
12.1996-12.1997 жж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
12.1997-02.2003 жж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
02.2003-04.2005 жж. Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2005 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
 
БАЛИЕВА ЗАГИПА ЯХЯНОВНА
1958 жылы 3 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген.
Жанұясы: жұбайы – Балиев Мұхтар Абзалұлы, ұлдары - Данияр, Ернар, Алияр, Нұрсұлтан, қыздары - Наргиза, Альдара.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1981 ж.) бітірген, заңгер-құқықтанушы.
Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған
Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл аудандық құрылыс банкінде заңкеңесшісі болып істеген (1981-82жж.);
Жамбыл қалалық аткомының заңгері (1982-86 жж.);
Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі (1986-92жж);
Алматы қаласы әкімшілігі бастығы аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі (1992-94 жж.);
ҚР Жоғары Кеңесі Экономикалық реформа жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (1994-95 жж);
Жоғары Кеңестің 13-ші шақырылуының депутаты.
ҚР Орталық сайлау комиссияның 1995 жылдың наурызынан – хатшысы, 1996 жылдың қаңтарынан – төрайымы.
2005 жылдың сәуірінен 2009 жылдың сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасының  Әділет министрі.
 
ТҮСІПБЕКОВ РАШИД ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы 1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді.
1962 жылдан Қарағанды қаласында тұрды, 1973 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді.
Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облаткомның өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
Әскерден оралған соң 1976 жылы тамызда Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны 1981 жылы өте жақсы бағамен аяқтады.
Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды.
1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облысы сотының төрағасы болды.
1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
2000 жылдың 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 
2005 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2003 жылғы 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.
Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.
 
ИМАШЕВ БЕРІК МӘЖИТҰЛЫ
Имашев Берік Мәжитұлы 1960 жылы 7 маусымда дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. Заңгер, заң ғылымдарының кандидаты.
1982-1992 жыл - стажер, Фрунзе ауданының тергеушісі, Қазақ КСР-нің прокуроры кезінде аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Мәскеу ауданынын прокуроры.
1992-1993 жыл - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі.
1993-1994 - Алматы қаласының прокурорының бірінші орынбасары.
1994-1995 - «Қазкоммерцбанк» АБ кеңесі төрағасының орынбасары.
1995 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, «Іскерлік әлемнің заңгерлері» қауымдастығының президенті.
1995-1996 жыл - Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің директоры - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары.
1996-1997 жыл - Салық полициясы басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары.
1997-1998 жыл - «Имашев және серіктестер» заң фирмасының директоры.
1998-1999 - шағын бизнесті қолдау үшін Қазақстан Республикасының агенттігінің төрағасы.
1998-1999 - шағын бизнесті дамыту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
1999-2000, - Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, "Имаш" заң фирмасының директоры, Астана қаласындағы адвокаттар қауымдастығының төрағасының орынбасары.
2000-2001 - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2001-2003 жыл - Астана адвокаттар алқасының мүшесі.
2002-2003 жыл - «Нефтеконсалтинг» президенті.
2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.
2005 - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
2005-2006 жыл - АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2005-2007 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2007-2008, - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
2008 - ҚР Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2008-2012 жыл - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының орынбасары.
2012-2016 жыл - Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
«Құрмет», «Парасат», «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. салық полиция полковнигі.
Отбасы: әйелі - Лейла Адайбекова Мұхамбетқызы, балалар - Аида (1984 жылы туған), Адия (1999 жылы туған), Әлжан (1987 жылы туған).