-A A +A

Әділет министрі М. Бекетаевтың Президент Әкімшілігінде сөз сөйлеуі

Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы!
 
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің осы жылдың 8 ақпанындағы отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Әділет министрлігімен «Адвокаттық қызмет туралы» заңының базасында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасы азаматтардың кәсіби заң көмегін алу барысында олардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ осындай қызметтерді көрсетудің механизімін жетілдіруге бағытталған.
Әркімді білікті заң көмегімен қамтамасыз ету идеясы заң жобасының негізін қалай отырып, келесі ережелерді қарастырады:
1. Заң жобасында «заң кеңесшілері» деп аталатын жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметін регламенттеу. Сотта өкілдік ету заң көмегін көрсететін жеке тұлғалар өзін-өзі реттеу ұйымдарына міндетті түрде мүшелікке кіреді.
Заң кеңесшілері және адвокаттардың қызметі туралы ақпараттардың ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етіледі.
2. Заң көмегі pro bono негізінде көрсетіледі (АҚШ, Англия, Австралия, Франция, Нидерланд және басқа елдердің тәжірибесі)
3. Халыққа көрсетілетін заң көмегінің минималды стандарттары мен сапалық өлшемі бекітіледі.
4. Халықтың хабардар болуын және әділ баға белгілеу мақсатында Республикалық адвокаттар алқасымен адвокаттар көрсететін көмектің ұсынымдық сипатта  тарифтік кестесін әзірлеу қарастырылады (Германия, Франция, АҚШ, Польша, Чехия және басқа елдердің тәжірибесі).
5. Сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда азаматтардың шығыстарын сақтандыру арқылы өтеу (Австрия, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Франция, Швеция және басқалар). Сақтандыруды 2020 жылдан бастап енгізу жоспарлануда.
6. Заң кеңесшілерімен сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда оларды жауапкешілікке тарту механизмі әзірленді. Адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тарту ережелері жетілдірілді (екі деңгейлі тәртіптік комиссия) (Австрия, Германия, Дания, Нидерланд, Словения, Эстония және басқа елдердің тәжірибесі).
7. Адвокаттар арасындағы бәсекелестікті күшейту мен олардың санын арттыру мақсатында адвокат мамандығына кіру жарналарын төлеу алынып тасталады.
8. Адвокатураның сапалық құрылымын жақсарту мақсатында адвокаттарды аттестаттау және кәсіби біліктілігін арттыру механизмі қайта қарастырылды.
9. Аумақтардың Республикалық адвокаттар алқасының басқару органында өкілдік етуін қамтамасыз ету мақсатында басқару органдарында қызмет ету мерзімін шектеу және қалыптастыру тәртібі белгіленеді.
10. Адвокаттық қызметті  Е-адвокатураны енгізу; мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсететін адвокаттар тізімін қалыптастыру процедеураларын автоматтандыру; адвокаттық ордерді жою; мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсету бойынша онлайн-кезекшілікті енгізу; адвокаттық кеңселердің қызметін қайта қарау арқылы оңтайландыру.
Заң жобасы заң көмегін көрсету процедураларының ашықтығын, әділеттілігі мен ең бастысы сапасын көтеруге мақсатталған басқа да бірқатар ұсыныстарды қамтиды.
Жалпы алғанда, заң жобасының қабылдануы азаматтарға жоғары кәсіби мамандармен көрсетілетін қолжетімді және сапалы заң көмегін алуға мүмкіндік береді.
 
Назарларыңызға рақмет!